13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

МӘМС арқылы сақтандырылмаған қазақстандықтарға жүргізуші куәлігі берілмей ме – Министр ұстанымын айтты

22 февраля, 2024
in Жаңалықтар
0
МӘМС арқылы сақтандырылмаған қазақстандықтарға жүргізуші куәлігі берілмей ме – Министр ұстанымын айтты
5
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова МӘМС жүйесінде сақтандырылмаған қазақстандықтардың жүргізуші куәлігіне қатысты ұстанымы қандай екенін айтты.
Бүгін алқа отырысынан кейін брифингте Әлназаровдан тілшілер МӘМС жүйесіне жарна төлемейтін қазақстандықтарға жүргізуші куәлігін алатын кезде медициналық анықтамалар бермеу туралы ұсынысқа пікір білдіруді сұрады.

«Менің ойымша, халық саналы түрде медициналық сақтандыру жүйесіне өтуі керек. Ол үшін медициналық қызметтердің сапасын жақсарту, шығындардың ашықтығын және жалпы денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігін қамтамасыз ету қажет. Біз бүгін айтқан қадамдар биыл жасалады. Мен осы жұмыстар арқылы медициналық сақтандыру жүйесіне жаңа азаматтарды тартамыз деп ойлаймын. Әзірге халықты МӘМС жүйесіне тарту және реттеудің басқа әдістері, атап айтқанда, сіз айтқан мәселе қарастырылмайды», – деп жауап берді Әлназарова.

Бұған дейін министр медициналық көмек пен шығын көлемін жоспарлау міндеті медициналық сақтандыру қорынан денсаулық сақтау министрлігіне қайтарылатынын айтты.

Айта кетсек осыған дейін денсаулық сақтау министрлігі медициналық сақтандыруы жоқ азаматтарға көлік жүргізуге тыйым салу және кейбір мемлекеттік қызметтерден шектеу туралы ұсыныс білдірген болатын.

Previous Post

"0,5 мл Coca-Cola құрамында қанттың 10 тәуліктік дозасы бар": Қазақстанда газдалған сусындардың бағасын өсіру ұсынылды

Next Post

Хабарландыру

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі