13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Депутат: Алматыда жер сілкінген кезде мүгедектігі бар қазақстандықтар ақпараттан тыс қалды

22 февраля, 2024
in Жаңалықтар
0
Депутат: Алматыда жер сілкінген кезде мүгедектігі бар қазақстандықтар ақпараттан тыс қалды
10
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Депутат Ләззат Қалтаева төтенше жағдай кезінде мүгедек қазақстандықтар ақпараттан тыс қалатынын айтты. Covid пандемиясы, Қаңтар оқиғасы, Алматыда жер сілкінген кезде осылай болғанын айтты.
Сенатордың сөзінше, олардың денсаулығы мен өміріне қауіп төнгенде, қандай әрекет ету керек екенін оқыту керек.
“ТЖ қызметтері мүгедектігі бар адамдарды оларға арналған ұйымдарда соңғы рет 10 жыл бұрын оқытқан көрінеді. Екіншіден, мүгедектерді құтқару және эвакуация мәселесі бар. Зерттеу көрсетіп отырғандай, әкімдіктерде қозғалысы аз азаматтарды табу картасы жоқ, ал құтқарушылар мүгедек адамдарды эвакуациялау барысында олармен қарым-қатынас жасау дағдысын білмейді.
Үшіншіден, мүмкіндігі шектеулі азаматтар көбінесе баспана және халықты уақытша орналастыру орындарына қол жеткізе алмайды. Әсіресе, дағдарыс кезінде жиі белең алатын қылмыс пен зорлық-зомбылық туралы айтпағанның өзінде жағдай осындай. Мұндай жағдайда мүгедектер, әсіресе, әйелдер мен балалар ең ауыр жағдайға душар болады”, – деді ол.
Ләззат Қалтаева бірнеше ұсыныс айтты.
“Осы мәселе бойынша өз ойымды ортаға сала отырып, назар аударуды ұсынамын: мүгедек адамдар ұйымдарынан сарапшыларды қатыстырып және ерекше қажеттіліктерін есепке ала отырып халықты оқыту, эвакуациялау, орналастыру және әлеуметтік қамсыздандыру жөніндегі жоспарлар әзірлеу керек. Мүгедектігі бар адамдардың ерекше қажеттілігіне сәйкес келетін баспаналарды жобалау және жарақтандыру керек. Заманауи әдістер мен технологияны пайдалана отырып, әртүрлі науқасы бар адамдарға арналған ақпарат беру және оқытудың арнайы бағдарламасын әзірлеу керек. Төтенше жағдай кезінде оларды іздеу және нақты көмек көрсету үшін қозғалысы аз азаматтардың бірыңғай дерек қорын құру керек», — деді депутат.

Previous Post

Хабарландыру! Өңірлік кадр резервіне іріктеу басталады

Next Post

"0,5 мл Coca-Cola құрамында қанттың 10 тәуліктік дозасы бар": Қазақстанда газдалған сусындардың бағасын өсіру ұсынылды

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі