Ауа райының қолайсыздығына байланысты Ақтөбе әуежайы ертең таңға дейін ұшақ қабылдай алмайды.
Ақтөбе әкімдігінің хабарлауынша, бұған әуежайдың ұшу-қону алаңында метеорологиялық жағдайдың күрделілігі себеп болып отыр.
Ертең жергілікті уақытпен сағат 6:00-ге дейін ұшақтардың ұшып-қонуына шектеу қойылды.
Тоқтатылған рейстер:
— Qazaq Air/Астана — Ақтөбе — Атырау;
— SCAT/Астана — Ақтөбе — Астана;
— Qazaq Air /Атырау — Ақтөбе — Астана.
— SCAT/Астана — Ақтөбе — Астана;
Кешіктірілген рейстер:
— FlyArystan/Алматы — Ақтөбе — Алматы;
— SCAT/Алматы — Ақтөбе — Алматы;
— FlyArystan/Астана — Ақтөбе — Астана;
— SCAT/Астана — Ақтөбе — Астана;
— FlyArystan/Актау — Ақтөбе — Актау.
— SCAT/Шарм-Эш-Шейх — Ақтөбе — Шарм-Эш-Шейх.
— Air Astana/Астана — Ақтөбе — Астана.
“SCAT әуекомпаниясының Шарм-Эш-Шейх — Ақтөбе бағыты бойынша келе жатқан DV5263 рейсі Атырауға қонды”, — делінген Ақтөбе халықаралық әуежайының хабарламасында.
Еске салсақ, бұған дейін ауа райына байланысты Қазақстанның 12 облысында жолдар жабылғаны туралы жазған едік.