TikTok-та Қазақстанға келе жатқан тропикалық дауыл туралы видео жарияланды. Онда 2024 жылғы 9-10 ақпанда күші сағатына 100 шақырымға дейін жететін жел соғады делінген
Қазгидромет» РМК өкілдерінің мәліметінше, видеода бірқатар дәлсіздік бар.
«Роликте айтылып отырған циклон Қазақстан аумағынан шықпайды, ол Қазақстанға Скандинавия аудандарынан ауысып келеді және 7 ақпанда ел аумағының басым бөлігін қамтымақ. Желдің күші, видеода айтылған сағатына 100 шақырым метр/секундке айналдырғанда секундына 27-28 метр шығады. 6 ақпан сағат 21:00-ден 9 ақпан сағат 21:00-ге дейін №10 стихиялық метереологиялық құбылыс болады, яғни желдің күші секундына 30 метрге дейін күшейеді. Бұл Ақмола облысы, Ақтөбе облысы, Жамбыл облысы, Қостанай облысы, Павлодар облысы, Солтүстік Қазақстан облысы, Түркістан облысына қатысты. Дауылды ескертуге сәйкес, 7-9 ақпанда күндіз Қазақстанның басым бөлігінде жылдамдығы секундына 23-28 метр жел соғады, кей жерлерде екпіні секундына 30 метрге жетеді