13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Қоғам

Қазақстанда құрастырылған алғашқы Ми-8АМТ тікұшағының тұсаукесері Алматы қаласында өтеді

11 декабря, 2020
in Қоғам
0
Қазақстанда құрастырылған алғашқы Ми-8АМТ тікұшағының тұсаукесері Алматы қаласында өтеді
Share on FacebookShare on Twitter

Тұңғыш Президент-Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тапсырмасына сәйкес «Қазақстан Инжиниринг» ҰК АҚ мен «Ресей тікұшақтары» АҚ кәсіпорындардың өндірістік және ғылыми-техникалық кооперациясы шеңберінде Қазақстан Республикасының аумағында Ми-8АМТ/Ми-171Е тікұшақтарын құрастыру жобасы іске асырылуда. Қазақстанда құрастырылған алғашқы тікұшақтың тұсаукесері 2020 жылғы 12 желтоқсанда Алматы қаласында «№405 авиажөндеу зауыты»АҚ аумағында өтеді.

Іс-шара шеңберінде тікұшақтарды жинау учаскесімен танысу, сондай-ақ жаңа Ми-8АМТ тікұшағының салтанатты тұсаукесері және символикалық кілтін тапсыру күтілуде. Ресми делегация құрамында Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму Вице-министрі Талғат Жеңісұлы Жанжүменов, «Қазақстан Инжиниринг «ҰК АҚ Басқарма төрағасы Әділбек Зейноллаұлы Сәрсембаев, «Ресей тікұшақтары» АҚ Бас директорының бірінші орынбасары Сергей Валерьевич Фомин және “Азаматтық авиация академиясы» АҚ ректоры Бекен Қанелұлы Сейдахметов келеді.

Ми-8АМТ алғашқы тікұшақтарын Жинау «Қазақстан инжиниринг «ҰК АҚ және «Ресей тікұшақтары» АҚ арасындағы келісімшарт шеңберінде «№405 авиажөндеу зауыты»АҚ өндірістік алаңдары базасында жүргізіледі. Жиналатын тікұшақтар жолаушылар мен жүктерді тасымалдау, авариялық-құтқару жұмыстары, ормандарды күзету, өрт сөндіру, санитариялық авиация қызметтерін көрсету, сонымен қатар құқық қорғау міндеттерін орындау бойынша әлеуметтік маңызды міндеттерді шешуге арналған.

Қазақстанда құрастырылған алғашқы тікұшақ Ми-8АМТ  тұсаукесері бойынша іс-шара 12 желтоқсанда сағат 12:00-де Алматы қаласы, Ахметов көшесі, 17, «№405 авиажөндеу зауыты»АҚ мекен-жайы бойынша өтеді.

БАҚ-ты аккредиттеу, қоса берілген аккредиттеу нысанына сәйкес 2020 жылғы 11 желтоқсан сағат 20:00-ге дейінгі мерзімде жүргізіледі.

Tags: 13kz13kz.kz13кзМи-8АМТТікұшақ
Previous Post

Жасампаз партия-жарқын істерімен үлгі

Next Post

Чехия компанияларымен экология, геология және минералды ресурстар саласындағы Қазақстандағы бизнес мүмкіндіктері талқыланды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі