«Нұр Отан» саяси партиясының өткен сьезі Қазақстан халқына оның ішінде тікелей партия мүшелеріне зор жауапкершілік жүктеді. Елбасымыздан бастап жалпы халықтың партияның төңірегіне тығыз топтасқандығын, берік бірлігі мен бұлжымас ынтымағын көрсетті. Көшбасшы партия Елбасымыз ұстанған сара саясатқа деген адалдығын танытты. «Алдымыздағы бес жыл Қазақстанның ХХІ ғасырдағы тағдыр-талайы қандай болатынын айқындайды. Біздің еліміздің, беріктігі, біздің бәріміздің беріктігіміз сынға түсетін болады. Баршамызды елді жаңарту орайындағы ауқымды жұмыстар күтіп тұр. Біздің міндетіміз — елді сақтау, Егемендікті нығайту және Ұлттың болашаққа барар жолын батыл ашу. Біз жаһандық сын-қатерден бұғып қала алмаймыз. Біз осыған қасқайып қарсы тұруға тиіспіз», — делінген партия бағдарламасындағы жолдар елімізді ынтымақ пен бірлікке шақырғандай. Осы орайда «Nur Otan» партиясы Созақ аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ролан Ізбасарұлы Әлжановпен кездесіп, «Nur Otan» партиясы Созақ аудандық филиалының бүгінгі таңда атқарып жатқан игі жұмыстары жөнінде шағын сұқбат алған едік.
-Ролан Ізбасарұлы, сұхбаттың алдында бас партияның басты мақсаттары мен міндеттері жөнінде тағы бір тоқталып өтсеңіз?
Партияның мақсаты – саяси жұмыс әдістерімен азаматтық қоғамның дамыған институттары, қазіргі заманғы бәсекеге қабілетті саяси жүйесі бар экономикалық мықты, демократиялық, зайырлы, құқықтық, әлеуметтік мемлекет құруға қол жеткізу.
Партияның міндеттері:
-мемлекеттік билік және жергілікті өзін-өзі басқару органдарына саяси көшбасшылар, партия мүшелерін даярлау, оларды қолдау және ұсыну;
-партияның бағдарламалық және жарғылық мақсаттары мен міндеттерін халық арасында түсіндіру және насихаттау, өз қызметі туралы ақпарат тарату;
-Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық референдумдарға қатысу;
-мемлекеттік билік және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында партия және оның мүшелерінің, азаматтар мен түрлі әлеуметтік топтардың мүддесін қорғау;
-партия Бағдарламасына сәйкес әлеуметтік-экономикалық және саяси реформаларды жүргізуге қатысу, өмір сапасының ұлттық стандартын қалыптастыру;
-кіші және орта кәсіпкерлікті, шаруа, фермер шаруашылықтарын қолдау;
-ұлтаралық және конфессияаралық келісім мен қоғамдағы тұрақтылықты нығайтуға жәрдемдесу;
-заң жобаларының бүкілхалықтық талқылауларына қатысу; өкілді және атқарушы органдарға енгізу үшін қоғамдық пікірді зерделеу әрі заң және басқа да нормативтік құқықтық актілер жобаларына ұсыныстар әзірлеу, сондай-ақ нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу, оларды депутаттық бірлестіктер арқылы іске асыру;
-қоғам мен мемлекет өмірінің әлеуметтік, экономикалық және өзге де салаларына жастарды біріктіруге жәрдемдесу;
-белгіленген тәртіппен партия мүшелерін мемлекеттік марапаттауларға ұсыну;
-партия мүшелерін моральдық тұрғыдан көтермелеу;
-азаматтардың бойында жемқорлық фактілеріне төзімсіздікті тәрбиелеуге жәрдемдесу, билік органдарының қызметіне қоғамдық бақылауды жүзеге асыру.
-Ролан Ізбасарұлы бүгінгі таңда партияның аудандағы филиалында атқарылып жатқан, оның ішінде жергілікті азаматтардан келіп түскен өтініш хаттарға байланысты қандай жұмыстар атқарылуда?
-Жоғарыда партияның мақсаттарына тоқталып өттік ғой. Сонда қазіргі заманғы бәсекеге қабілетті саяси жүйесі бар экономикалық мықты, демократиялық, зайырлы, құқықтық, әлеуметтік мемлекет құруға қол жеткізу деп атап көрсетілгендей «Nur Otan» партиясы Созақ аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмелеріне 2020 жылда 890 өтініш келіп түскен. Соның басым бөлігі оң шешіліп, қалғандарына консультативтік көмек көрсетілген. Өтініштердің 69 пайызы «BIRGEMIZ» қоры арқылы ақша мен азық-түлік себеттеріне байланысты келіп түсіпті. 7,8 пайызы праймеризге қатысты сауалдар, 6,5 пайызы әлеуметтік көмекке мұқтаждық, 5,8 пайызы тұрғын үй-коммуналдық және 5,2 пайызы жұмысқа орналасу, заңсыз жұмыстан шығару, еңбек ақы өндіру мәселелеріне қатысты жолданған.
Қазіргі уақытта елімізде орын алып жатқан короновирус індетінің алдын алу, халықты сабырға шақырып, карантин ережерелін сақтау мақсатында нендей шаралар жасалып жатыр?
Коронавирус індетінің таралуының алдын алуға байланысты «Nur Otan» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Б.Байбектің бұйрығымен қоғамдық қабылдау бөлмелерінің жұмысы онлайн-режимге ауыстырылған болатын. Әлеуметтік желілер арқылы 392 өтініш, жедел желі телефондарына 500 ден астам қоңыраулар келіп түскен.
-«Nur Otan» партиясы Созақ аудандық филиалы қай кезде болмасын түрлі мәдени-көпшілік шаралардың басы-қасынан табылатын белсенді ұйым болып есептеледі. Осы орайда бүгінгі күнге дейін филиал қандай шараларды өткізді? Алдағы уақытта атқарылатын шаралар жоспарымен бөліссеңіз?
-«Nur Otan» партиясы Созақ аудандық филиалы өздерінің бекіткен шаралар кестесіне сай бүгінгі таңға дейін «Ардагерлерді ардақтайық»,
«Бақытты отбасы», «Кедергісіз келешек», «Қамқорлық» өңірлік жобасы аясында аудандық партия тарапынан өз деңгейінде тиісті жұмыстар атқарылды. Алдағы уақыттарда да аудандық ұйымдармен бірлесе отырып, мәдени-спорттық шараларды өткізуді жоспарлап отыр.
-Осы мәдени көпшілік шаралармен қоса әлеуметтік қолдау шараларында атап өтсеңіз?
-Еліміздегі пандемияға байланысты «BIRGEMIZ» қоры тарапынан аудандағы әлеуметтік жағдайы төмен мұқтаж отбасыларға 50 мың теңге көлемінде бір реттік қаржылай көмек көрсетілді.Сондай ақ аудандық партия филиалының ұйымдастыруымен жеке кәсіпкерлердің демеушілік тарапынан еріктілердің қатысуымен мұқтаж отбасыларға азық-түлік себеттері табысталды. «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалының бастамасымен пандемияға қарсы күресті күшейту мақсатында қолға алынған «SHIPA» жобасы аясында дәрі-дәрмек қобдишалары ауданымыздағы аз қамтылған және көпбалалы 10 отбасыға табысталды.
-Алдымызда үлкен саяси науқан-сайлау науқаны келе жатыр. Осы науқанға байланысты өткен айларда ауданымызда праймериз өткенін білеміз. Осы орайда партияның атқарып жатқан шараларын тілге тиек етсеңіз?
— Расында, өздеріңіз біліп отырғандай 17 тамыз бен 3 қазан аралығында Елбасы, партия Лидері Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен қолға алынған «Nur Otan» партиясының тұңғыш республикалық праймеризі өтті.
Праймеризге қатысу үшін ауданнан 70 кандидат тіркелген болатын. Әртүрлі себептермен 4 кандидат праймеризге қатысудан бас тартып, өз өтініштерін кері қайтарды. 66 кандидат праймеризге қатысты.
66 кандидаттың ішінде:
бастауыш партия ұйымдарынан – 14 (21,2%);
өзін-өзі ұсынған – 52 (78,7%);
әйелдердің үлесі – 20 (30,3%);
жастардың үлесі – 19 (28,7%) құрады;
Олардың 1-і ҚР Парламенті Мәжіліс депутаттығына, 4-і облыстық мәслихатқа, 63-і аудандық мәслихат депутаттығына үміткер болды. Созақ ауданы бойынша 3240 партия мүшелерінің 3240 немесе 100% партия мүшесі авторизацияланды. Дауыс беру онлайн форматта өтіп, 3240 партия мүшесінің 2937-сі дауыс беріп, сайлаушылардың дауыс беруі 91%ы құрады. Жыл басынан бері партия қатарына 100 адам қосылып, партияның бағдарламалық құжаттарының талаптары мен Жарғысын орындамаған 308 адам партия мүшелігінен шығарылды.
-Ролан Ізбасарұлы уақыт бөліп арнайы берген сұқбатыңызға рахмет! Еңбектеріңізге толағай табыстар тілеймін