13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

«Ертіс орманы» басшысы ағашты заңсыз кескен кәсіпкерлерден пара алды деп айыпталды

6 февраля, 2024
in Жаңалықтар
0
«Ертіс орманы» басшысы ағашты заңсыз кескен кәсіпкерлерден пара алды деп айыпталды
12
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Павлодар облысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі «Ертіс орманы» мемлкеттік орман табиғи резерватының басшысының пара алу фактілерін анықтады.
Резерват басшысы орманды заңсыз кескен және сатқан кәсіпкерлерге пара алудың қылмыстық схемасын ұйымдастырғаны белгілі болды. Биыл 26 қаңтарда тергеу сотының санкциясымен резерват басшысы 2 ай мерзімге қамауға алынды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет резерват директорының аудиожазбасы, пара берушімен жазысқан хаттарын да жариялады.
Бұдан бөлек резерваттың бес бухгалтеріне қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
Есепшілер 2021-2023 жылдар аралығында өздерінің картадағы шоттарына, сонымен қатар мекеменің жұмыс істеп тұрған және бұрынғы қызметкерлерінің шоттарына жалақыны есептеу және аудару арқылы 25 миллион теңге сомасында аса ірі мөлшерде бюджет қаражатын жымқырған.
«Келтірілген материалдық залал ішінара өтелді. Тергеу жалғасып жатыр. Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жарияланбайды», – делінген Павлодар облысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің хабарламасында.
Еске салайық, Батыс Қазақстан облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мониторингі барысында Сырым ауданының педагогтеріне 259 миллион теңге сомалық белгіленген міндетті үстемақы төлемеу фактілерін анықтағанын жаздық.

Previous Post

«Amanat» партиясы премьер-министр ретінде Антикордың бұрынғы басшысын ұсынды

Next Post

Ресми: Олжас Бектенов – жаңа премьер-министр

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі