13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Ресми: Олжас Бектенов – жаңа премьер-министр

6 февраля, 2024
in Жаңалықтар
0
«Amanat» партиясы премьер-министр ретінде Антикордың бұрынғы басшысын ұсынды
13
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

69 депутат Бектеновтың кандидатурасын қолдап, 7 депутат қалыс қалды.

Осыған дейін Мәжілістегі басым фракция ретінде «Amanat» партиясы президентке жаңа премьер-министр ретінде Олжас Бектеновтің кандидатурасын ұсынған еді.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, президент ұсынылған кандидатураны Мәжілістегі партиялардың фракцияларымен талқылады.

Олжас Бектенов қазіргі осыған дейін президент әкімшілігінің басшысы қызметін атқарып келді. Ол бұл қызметке 2023 жылы 3 сәуірде тағайындалған. Оған дейін ол 2022 жылдың ақпанынан бастап Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысы болған.

Бектенов қызметін Алматы қаласы Әділет басқармасында бастап, Премьер-министр кеңсесінде, Президент әкімшілігінде, Әділет министрлігінде, Астана қаласы мен Ақмола облысы әкімдігінде қызмет еткен.

5 ақпанда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Үкімет отставкасын қабылдап, үкіметті басқару функциясын уақытша Роман Склярға жүктеген.

«Қазақстан Республикасы Конституциясының 70-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметінің орнынан түсуі қабылдансын», – делінген хабарламада.
Әлихан Смайылов басқарған үкіметтің соңғы құрамы 2023 жылы 4 сәуірде бекітілген. Смайылов басқарған үкіметтің жұмысына қатысты сарапшылар пікірін білген едік.

Previous Post

"Ертіс орманы" басшысы ағашты заңсыз кескен кәсіпкерлерден пара алды деп айыпталды

Next Post

Екі министр өз орындарында қалды

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі