13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

«Олар адам емес»: депутат педофилдерді кастрациялауға үкімет келіспегеніне ашуланды

5 февраля, 2024
in Жаңалықтар
0
«Олар адам емес»: депутат педофилдерді кастрациялауға үкімет келіспегеніне ашуланды
8
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Мәжілісте бүгін балалар мен әйелдерге қарсы зорлық-зомбылық кезінде қылмыстық жауапкершілікті күшейту мәселесі бойынша заң жобасы талқыланып жатыр. Отырыста депутат Елнұр Бейсенбаев балаларға зорлайтын қылмыстыларға жауапкершілікті күшейту мәселесін көтерді.

– Қазір педофилдерге қатаң жаза тағайындалады. Олар өмір бойы түрмеге қамалады. Десе де, фракция атынан біз бір топ депутат болып, хирургиялық кастрация туралы ұсыныс берген едік. Бірақ бұл жерде үкімет өзінің табанының бүрі жоқ екенін көрсетті. Аталған түзетуді қолдамады. Әртүрлі сылтау келтіреді: адам құқығы конвенциясына қарсы дейді. Аргумент әлсіз бірақ. Еуропа елдерінде хирургиялық кастрация бар. Күнбе-күн барлық педофильді кастрациялау керек деп тұрған жоқпыз. Біз шешімді сот қабылдаса дейміз., – дейді ол.

Бейсенбаевтың айтуынша, жылына шамамен осындай санаттағы қылмыстардың 800-і тіркеледі. Педофилия жағдайы 2022 жылы 430 рет болған. Депутат неге жазаны қатайтпай отырғанын ішкі істер министрлігінен сұрады.

– Олар адам емес. Біз фракция атынан бәрібір осы түзетуді ұсынамыз, – деді ол.

“Онсыз да өмір бойы түрмеде отырады”

Бұл сұраққа жауап берген ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха бұл мәселені реттеу ведомствоның құзыретінен тыс екенін айтты. Оның сөзінше, педофилдер онсыз да өмір бойы түрмеде отыратындықтан,, кастрациялау туралы шешімнің қажеті жоқ деген шешімге келген болуы мүмкін.

– Бізде медициналық кастрация бар. Соттар ондай шешім қабылдайды. Ішкі істер министрлігі жазаны күшейтуге қарсы деп айта алмаймын. Біз жазалаушы орган ретінде жазаны күшейтуге дайынбыз, – дейді ол.

Өз кезегінде оқу-ағарту вице-министрі де жазаны қатайтуды қолдайтынын айтты.

 

Previous Post

Павлодарда теракт туралы хабарламадан кейін 22 мыңға жуық оқушы сабаққа бармаған

Next Post

Шымкент қалалық тұрғын үй басқармасы басшысының міндетін атқарушы қамауға алынды

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі