13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкент қалалық тұрғын үй басқармасы басшысының міндетін атқарушы қамауға алынды

6 февраля, 2024
in Жаңалықтар
0
Павлодарда теракт туралы хабарламадан кейін 22 мыңға жуық оқушы сабаққа бармаған
15
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласы тұрғын үй басқармасының басшысы қаланың сейсмикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бөлінген бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау барысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет сейсмикалық қауіпсіздік, табиғи және техногендік сипаттағы басқа да төтенше жағдайлар саласында тексеру жүргізіп жатыр.

«Осындай тексерудің нәтижесінде Шымкент қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті Шымкент қаласы тұрғын үй басқармасы басшысының м. а. қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады. Ол қаланың 216 тұрғын үйінің сейсмикалық тұрақтылығын технологиялық тексеру жұмысын орындауға бөлінген аса ірі мөлшердегі қаржыны бір топ адаммен алдын ала сөз байласу арқылы жымқырды деп айыпталып отыр», — делінген хабарламада.

Залалдың алдын ала сомасы — 120 млн теңге.

Қатар жүрген қаржылық тергеу барысында шенеуніктің анасына ресімделген Түркістан облысы Қазығұрт ауылында монша кешенін салу арқылы жымқырылған қаражатты заңдастырды деген нұсқа тексеріледі.

Қазіргі уақытта ол Шымкент қаласы полициясының уақытша изоляторына қамауға алынды.

Тергеу жалғасып жатыр.

Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жарияланбайды.

Previous Post

«Олар адам емес»: депутат педофилдерді кастрациялауға үкімет келіспегеніне ашуланды

Next Post

Жанжалдың бәрі әйелдердің тілі ұзын болғанынан шығады – Депутат тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі