13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Жанжалдың бәрі әйелдердің тілі ұзын болғанынан шығады – Депутат тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы

6 февраля, 2024
in Жаңалықтар
0
Жанжалдың бәрі әйелдердің тілі ұзын болғанынан шығады – Депутат тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы
7
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Мәжіліс депутаты Анас Баққожаев әйелдер құқығы мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы заң жобасын таныстыру барысында жанжалдың шығуына әйелдің тікелей себепкер екенін айтты.

Бұл ретте ол заң жобасына қатысты әріптестерінің барлық ұсынысымен келісетінін түсіндірді.
«Әйелге ең жаман еркектер ғана қол көтереді. Бірақ барлық жанжал ұрып-соғу мен төбелестен туындамайды. Еркектерді де түсіну керек. Жанжал неден басталады? Әрине, әйелдің тілі ұзын болғандықтан. Әйелдер мені кешірсін, бірақ мұндай фактілер де бар. Қазақта мынадай жақсы мақал бар: «Жақсы әйел – ырыс, жаман әйел – ұрыс» дейді. Сондай-ақ «Ерге жақсы әйел – елге де жақсы» дейді. Өкініштісі, барлығымыз қазақы тәрбиеден алшақтап жатырмыз», – деді Анас Баққожаев.
Депутат қыздарды мектептен бастап тәрбиелеуге шақырды.
Сондай-ақ жиында журналистер ішкі істер вице-министрі Игорь Лепехадан бұл мәселеге қатысты құқық қорғау органдарының ұстанымы қандай екенін сұрады.
«Тіпті әйелдікі дұрыс болмаса да физикалық емес, басқа жолдар арқылы шешуге болады. Қандай себеп болғанына қарамастан, егер ол жарақаттанса, кінәлі адам жауап беруге тиіс. Кімнің кінәлі екенінде қандай айырмашылық бар. Қылмыс жасалса, қылмыскер жауапқа тартылуы керек», – деді Игорь Лепеха.
Айта кетейік, бұған дейін Асхат Аймағамбетов әйелін ұрып-соққандардың жазасы қатаңдатылатынын айтқан еді. Адам денсаулығына жеңіл зиян келтіргендер немесе соққыға жығатындар енді әкімшілік жазамен құтылып кете алмайды. Олар қылмыстық жауапқа тартылады.

Previous Post

Шымкент қалалық тұрғын үй басқармасы басшысының міндетін атқарушы қамауға алынды

Next Post

“Тина Канделакимен жанжалдасқан”: Нұрлан Сабыров желіде тараған аудиожазба туралы айтты

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі