13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Білім

ШЫМКЕНТ: ЖАҢАДАН АШЫЛҒАН Д.ҚОНАЕВ АТЫНДАҒЫ БІЛІМ ОРДАСЫНДА ҮЗДІК ОҚУШЫЛАРҒА ШӘКІРТАҚЫ БЕРІЛЕДІ

2 февраля, 2024
in Білім, Жаңалықтар
0
ШЫМКЕНТ: ЖАҢАДАН АШЫЛҒАН Д.ҚОНАЕВ АТЫНДАҒЫ БІЛІМ ОРДАСЫНДА ҮЗДІК ОҚУШЫЛАРҒА ШӘКІРТАҚЫ БЕРІЛЕДІ
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкентте Дінмұхамед Қонаевтың туған күніне орай ашылған жаңа заманауи мектепте білім алуға сұраныс артып келеді.

Бүгінде су жаңа мектепте 1-11 сынып аралығында 1100 -ге жуық оқушы білім алуда.

«Нұрсат» шағынауданында орналасқан жекеменшік жалпы орта білім беру мектебіне көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Дінмұхамед Қонаевтың есімі берілген. Заманауи және типтік үлгідегі білім нысанының құрылысы былтыр наурыз айында басталған болатын

Д.Қонаев атындағы  жалпы орта білім беру мектебі директорының ғылыми -әдістеме жөніндегі орынбасары Ұлан Есенбаев Садықұлының хабарлауынша, кәсіпкердің есебінен салынған жаңа мектепте балалар бір ауысымда білім алады. Бос уақытта оқушылардың пәндік, спорттық және өнер үйірмелеріне қатысуына барлық мүмкіндік жасалған. Білім шаңырағында спорт зал, 30 интерактивті тақта, робототехника, биология, химия, физика лаборатория кабинеттері, сондай-ақ 500 орындыққа арналған асхана, кітапхана, гимнастика, акт залдары, ашық және жабық футбол алаңдары бар. Аталған білім ошағында 1-6 сынып оқушылары 3 мезгіл тегін тамақпен қамтылған. Ерекше атап өтерлігі, білім ұясында құрылтайшы тарапынан әр тоқсан сайын тест тапсырған үздік оқушыларға стипендия да қарастырылған.

“ Заманауи және типтік үлгідегі білім ордасының сыйымдвлвғы 3500 оқушыны құрап отыр. Жалпы мектепте білім мен қатар баланың швғармашылық қасиетін дамытуға да жағдай жасалған. Білім ұясында 21 үйірме жұмыс істейді. Оның басым бөлігі тегін болса, кефбірі ақылы түрде қызмет көрсетеді. Мектеп үштік одақ жүйесі негізде, яғни ата-ана, мектеп, ұстаз бірігіп баланың тәрбиесіне, біліміне бар күшін жұмсайды. Алдағы уақытта ата-аналар арасында спорттық сайысты ұйымдастыруда жоспарланып отыр”,-деді Д.Қонаев атындағы  жалпы орта білім беру мектебі директорының ғылыми -әдістеме жөніндегі орынбасары Ұлан Есенбаев Садықұлы.

Айта кетсек, білім ордасында балаларды тасымалдау шарасы қаралмаған. Оқушының мектепке келіп кетуі толвғымен ата-ананың жауапкершілігінде болып отыр.

Ғимарат 3 қабаттан тұрады, ауданы 27234,1 шаршы метрді құрайды. Заманауи үлгіде салынған мектептің сапасын қалп әкіміде бақылап, жоғары бағасын берген болатын. Осы орайда жеке инвесторға қаланы дамытуда игі бастамасы бар әр кәсіпкерге қолдау болатынын жеткізген еді.

Айта кетсек, мектепте бастауыш сынып оқушылары үй тапсырмасын мектепте орындайды. Оқушылар түсінбеген сұрақтарына жауап алу үшін қосымша пән мұғалімдері де бекітіліп қойған. Білім ордасына ұстаздар арнайы тестілеуден өтіп қабылданған екен.

Previous Post

Кәсіпкерлерге декларация тапсыру тәртібі түсіндірілді

Next Post

"Аударылып қал!": Алматы облысындағы такси жүргізушісі мен "имам" арасындағы жанжал желіде тарады

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі