13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Кәсіпкерлерге декларация тапсыру тәртібі түсіндірілді

2 февраля, 2024
in Жаңалықтар
0
Кәсіпкерлерге декларация тапсыру тәртібі түсіндірілді
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласында жалпыға ортақ декларация туралы түсіндіру жұмыстары жалғасуда. Қалалық кәсіпкерлер палатасында өткен жиынға жобаларды сүйемелдеу бөлімінің басшысы Нұрсұлтан Алтынбек, Шымкент қаласы мемлекеттік кірістер департаменті өндірістік емес төлемдер басқармасы уәкілетті органдармен жұмыс бөлімінің басшысы Мақсат Рахымбаев, бас маманы Диана Қалды және кәсіпкерлер қатысты.

Мамандардың айтуынша, биыл жалпыға бірдей декларациялаудың III кезеңі басталады. Оған сәйкес заңды тұлғалардың басшылары, құрылтайшылары, жеке кәсіпкер және олардың жұбайлары өздерінің активтері мен міндеттемелері туралы декларацияларды 2024 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша ұсынуы тиіс.

«Декларация ресми түрде «Активтер мен міндеттемелер туралы декларация – 250.00 нысан» деп аталады. Оны кәсіпкерлер биыл тапсырған соң 2025 жылы бұл нысанның орнына кәсіпкерлерге Кірістер мен мүлік туралы декларацияны – 270.00 нысанды тапсыру керек», – деді Мақсат Рахымбаев.

Бөлім басшысының айтуынша, қағаз жүзіндегі есептерді 2024 жылдың 15 шілдесіне дейін, ал электронды нұсқадағы декларациялар 2024 жылдың 15 қыркүйегіне дейін тапсырылады.

Мемлекеттік кірістер департаментінің мамандары бағалы қағаздар, цифрлық активтер, үлестік қатысу шарттары, инвестициялық алтын, зияткерлік меншік және авторлық құқық объектілері, 10 мың АЕК шегіндегі қолма-қол ақша, нотариалды куәландырылған қарыз шарттары, құны 3,4 млн теңгеден асатын мүліктер, мысалы, мәдени құндылықтар, зергерлік бұйымдар, асыл тұқымды жануарлар туралы мәліметтерді жалпыға бірдей декларациялау кезінде көрсету керек деп мәлімдеді.

Жиын барысында кәсіпкерлер өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, мамандардың жауаптарын алды.

Previous Post

Түркістан қаласының жастары Қорғаныс министрлігінің өкілдерімен кездесті

Next Post

ШЫМКЕНТ: ЖАҢАДАН АШЫЛҒАН Д.ҚОНАЕВ АТЫНДАҒЫ БІЛІМ ОРДАСЫНДА ҮЗДІК ОҚУШЫЛАРҒА ШӘКІРТАҚЫ БЕРІЛЕДІ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі