13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

«Аударылып қал!»: Алматы облысындағы такси жүргізушісі мен «имам» арасындағы жанжал желіде тарады

2 февраля, 2024
in Жаңалықтар
0
«Аударылып қал!»: Алматы облысындағы такси жүргізушісі мен «имам» арасындағы жанжал желіде тарады
Share on FacebookShare on Twitter

Желіде Алматы облысындағы такси жүргізушісі мен қоғамдық кеңес мүшесінің арасындағы жанжалдың видеосы тарады.

Талғарда такси жүргізушісі мен ер адам жанжалдасып, ер адам “Аллаһу акбар, аударылып қал!” деп, есікті тарс жауып, тепкен. Желі қолданушылары осындай ауыр сөзді айтқан адам Гүлдала ауылындағы мешіттің имамы екенін айтып, танып жатты. 

Алматы облысының дін істері басқармасы оның имам емес екенін мәлімдеді.

«Әлеуметтік желілерде Талғар қаласында такси жүргізушісі мен жолаушы арасындағы жанжал түсірілген видео таралуда. Кейбір ақпарат көздері жолаушы Гүлдала ауылындағы мешіттің имамы екенін айтады. Алайда Бақтияр Жақсылықов Талғар аудандық қоғамдық кеңесінің мүшесі екенін хабарлаймыз. Жалған ақпарат таратпауыңызды сұраймыз», – делінген ведомоствосында. 

Бақтияр Жақсылықов – Талғар аудандық «Алатау» бастауыш партия ұйымының төрағасы, қоғамдық кеңестің мүшесі.

Алайда әлеуметтік желідегі жеке парақшасының 2022 жылғы посттарында Бақтияр Жақсылықов өзін ұстаз, исламтанушы, имам деп жазған және бірнеше рет имам ретінде телебағдарламаларда қонақ болған.

Previous Post

ШЫМКЕНТ: ЖАҢАДАН АШЫЛҒАН Д.ҚОНАЕВ АТЫНДАҒЫ БІЛІМ ОРДАСЫНДА ҮЗДІК ОҚУШЫЛАРҒА ШӘКІРТАҚЫ БЕРІЛЕДІ

Next Post

iPhone смартфондары қазақстандықтарға жер сілкінісі туралы не себепті ескертпегені белгілі болды

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі