13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: БИЫЛДАН БАСТАП ЗЕЙНЕТАҚЫ 9 ПАЙЫЗҒА, ЖӘРДЕМАҚЫ 7 ПАЙЫЗҒА ӨСТІ

1 февраля, 2024
in Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН: БИЫЛДАН БАСТАП ЗЕЙНЕТАҚЫ 9 ПАЙЫЗҒА, ЖӘРДЕМАҚЫ 7 ПАЙЫЗҒА ӨСТІ
Share on FacebookShare on Twitter

Бұл жайында брифингте ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің Түркістан облысы бойынша департамент басшысы Бегман Нұрмаханов мәлімдеді.
«2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап зейнетақы төлемдері 9%-ға, ал жәрдемақылар 7%-ға өсіп отыр. Сондай-ақ, Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев өз Жолдауында зиянды еңбек жағдайында ұзақ уақыт жұмыс істеп жүрген азаматтарға 55 жастан бастап арнаулы әлеуметтік төлем енгізу бойынша тапсырма берген болатын. Аталған төлем 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап зиянды еңбек жағдайында жұмыс істейтін азаматтар үшін төлем 4 көзден яғни, Республикалық бюджет, өмірді сақтандыру қорынан, жұмыс беруші есебінен және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленеді. Ал жұмыс істемейтін төлемге құқығы бар азаматтар үшін Республикалық бюджет және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленеді», — деді департамент басшысы.
Спикердің айтуынша, Департамент 2023 жылы әлеуметтік қорғау саласы бойынша 16 мемлекеттік көрсетілетін қызметтер аясында жалпы 122 109 қызмет көрсеткен.
«Жалпы облыс бойынша 793 766 адам мемлекеттен төлем бойынша зейнетақы және жәрдемақы алады. Оның ішінде: 190 195 адам – жасына байланысты зейнетақы алушы, 177 980 адам – базалық зейнетақы алушы, 425 591 адам – жәрдемақы алушы. Көпбалалы ретінде жәрдемақы алатын 120 549 отбасы, көпбалалы ана ретінде – 64 354 адам, мүгедектігі бойынша жәрдемақы алатын 75 262 адам, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша 21 839 және басқа да жәрдемақы алушы – 143 587 адам бар. Зейнетақы мен жәрдемақыларды тағайындау жұмыстары бойынша 2023 жылы барлығы 335 958 электрондық іс-құжат қаралып бекітілді. Статистикалық мәліметтерге сәйкес, 2024 жылдың 1 қантар айында облыс бойынша мүгедектігі бар адамдардың саны — 98 247-ге жетіп, облыс халқы санының 4,6%-ын құрады. Мүгедектігі бар адамдардың жалпы санының 15,3 пайызы 18 жасқа дейінгі балалар болса, 84,8 пайызы — 18 жастан асқан ересектер», — деді Бегман Жамалбекұлы.
Департамент былтыр жалпы 27 370 адамды мүгедек деп таныған. Оның ішінде 6 151 адамға алғашқы рет мүгедектік тағайындалған. «Е-Собес» ақпаратттық жүйесінің мәліметіне сәйкес, 2023 жылы облыс бойынша мүгедектігі бар 63 131 адам оңалтудың техникалық құралдарымен қамтылып, әлеуметтік қызметтер көрсетілген.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Previous Post

ТҮРКІСТАН: ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУДА ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР КӨТЕРІЛДІ

Next Post

Аты шулы «Алтын Орда» базарының экс-атқарушы директоры Марқабаев заңсыз қамалды ма?

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі