13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУДА ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР КӨТЕРІЛДІ

1 февраля, 2024
in Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН: ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУДА ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР КӨТЕРІЛДІ
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысы әкімдігінің «Ашық әкімдік» кеңсесінде азаматтардың жеке сұрақтары бойынша қоғамдық қабылдау өтті. Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ермек Кенжеханұлы азаматтардың арыз-өтініштерін тыңдады. Қабылдауға 12 азамат келіп, мәселелерін айтты.
Жеке қабылдаудағы азаматтардың негізгі көтерген мәселелері әлеуметтік көмек, баспанамен қамтамасыз ету, жер дауы, субсидия бөлу, жеңілдетілген несие алу бағытына қатысты болды.
Қабылдауға келген тұрғынның бірі – өз кәсібін ілгерілетіп, тау пістесін (фисташка) егумен айналысқысы келетінін, тек қаржы жағынан көмек керек екенін айтты. Әкім орынбасары мұндай тың жобаларға әрдайым қолдау көрсетуге дайын екенін айтып, «Ауыл аманаты» бағдарламасы арқылы көмек көрсете алатынын жеткізді.
Азаматтардың мұң-мұқтажын мұқият тыңдаған облыс әкімінің орынбасары Ермек Кенжеханұлы ұсыныс-тілектердің оң шешілуіне ықпал ететінін айтты. Облыс әкімінің орынбасары көтерілген әр мәселе бойынша жауапты сала мамандарына нақты тапсырма беріп, барлық мәселе заң аясында шешілетінін жеткізді.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Previous Post

Мемлекет басшысы «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Сауранбаевты қабылдады

Next Post

ТҮРКІСТАН: БИЫЛДАН БАСТАП ЗЕЙНЕТАҚЫ 9 ПАЙЫЗҒА, ЖӘРДЕМАҚЫ 7 ПАЙЫЗҒА ӨСТІ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі