13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Мемлекет басшысы «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Сауранбаевты қабылдады

1 февраля, 2024
in Жаңалықтар
0
Мемлекет басшысы «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Сауранбаевты қабылдады
Share on FacebookShare on Twitter

Нұрлан Сауранбаев:
✔️ұлттық компания қызметінің 2023 жылғы негізгі нәтижесі және алдағы кезеңге арналған жоспары туралы есеп берді;
✔️соңғы үш жылда «Қазақстан темір жолының» негізгі өндірістік көрсеткіштерінде өсім байқалатынын айтты:
🔻былтыр жүк айналымы 7 пайызға артып, 270 миллиард тонна-километрге жеткен;
🔻транзиттік тасымалдау көлемі 18 пайызға ұлғайып, 27 миллион тоннадан асқан. Нәтижесінде компанияның кірісі өткен жылмен салыстырғанда 29,3 пайызға өсіп, 1,9 триллион теңгені құраған. Компания 154 миллиард теңге таза пайда тапқан. Бұл 2022 жылмен салыстырғанда төрт есе көп әрі компанияның рекордтық көрсеткіші саналады.
✔️Достық – Мойынты, Алматы станциясын айналып өтетін теміржол желісін салу және басқа да ірі инфрақұрылымдық жобалардың іске асырылуы туралы баяндады:
🔻бүгінгі таңда 350 шақырымнан астам жол төселген. Аталған жобалардың іске қосылуы мемлекетаралық түйісу пункттерінің өткізу қабілетін арттырады.
✔️Сиань қаласындағы құрғақ портта жүк терминалының құрылысы аяқталғаны жөнінде мәлімет берді. Қытайдың ең ірі логистикалық хабында орналасқан бұл терминал елімізге қарай жүктердің тұрақты тасымалдануын қамтамасыз етеді және отандық экспорттаушылар үшін жаңа өткізу нарықтарына жол ашады;
✔️әлемдік Huawei, Wabtec және PSA секілді жетекші компаниялармен бірге «Ақылды теміржол» жобасын жүзеге асыру жұмыстары жүргізіліп жатқанын жеткізді. Жаңа шешімдердің енгізілуі теміржолдың өткізу қабілетін ұлғайтуға, отын шығынын азайтуға және пойыздардың қауіпсіздігін арттыруға мүмкіндік береді.
❗️Қасым-Жомарт Тоқаев компанияның инвестициялық жобаларын іске асыру маңызды екенін атап өтіп, еліміздің көлік-транзит әлеуетін дамыту мәселесіне баса назар аударды.

Previous Post

ШЫМКЕНТТЕ 700 МЫҢНАН АСТАМ АЗАМАТТЫҢ МӘМС ЖАРНАЛАРЫН МЕМЛЕКЕТ ТӨЛЕУДЕ

Next Post

ТҮРКІСТАН: ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУДА ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР КӨТЕРІЛДІ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі