13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ШЫМКЕНТТЕ 700 МЫҢНАН АСТАМ АЗАМАТТЫҢ МӘМС ЖАРНАЛАРЫН МЕМЛЕКЕТ ТӨЛЕУДЕ

1 февраля, 2024
in Жаңалықтар
0
ШЫМКЕНТТЕ 700 МЫҢНАН АСТАМ АЗАМАТТЫҢ МӘМС ЖАРНАЛАРЫН МЕМЛЕКЕТ ТӨЛЕУДЕ
Share on FacebookShare on Twitter

Мемлекет 15 жеңілдік санатына кіретін азаматтар үшін МӘМС жарналарын төлеуді жалғастыруда. Шымкент қаласында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарна төлеуден босатылған тұрғындар саны 700 мыңнан астам. Биыл мемлекеттің бір азаматқа төленетін жарнасы айына 5852,63 теңгені құрайды.

Сақтандыру мәртебесі жеңілдетілген санат түрлеріне балалар; жұмыссыз ретінде тіркелген адамдар; жұмыс істемейтін жүкті әйелдер;бала (балалар) үш жасқа толғанға дейін оны (оларды) тәрбиелеп отырған жұмыс істемейтін адам (баланың заңды өкілдерінің бірі); жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға, баланы (балаларды) үш жасқа толғанға дейін оның (олардың) күтіміне байланысты демалыста жүрген адамдар; мүгедек баланы күтуді жүзеге асыратын жұмыс істемейтін адамдар;бірінші топтағы мүгедектігі бар адамға күтім жасауды жүзеге асыратын жұмыс істемейтін адамдар; зейнетақы төлемдерін алушылар, оның ішінде Ұлы Отан соғысының ардагерлері; қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелерінде (қауіпсіздігі ең төмен мекемелерді қоспағанда) сот үкімі бойынша жазасын өтеп жүрген адамдар; тергеу изоляторларында ұсталатын адамдар, сондай-ақ үй қамағына алу түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылған жұмыс істемейтін адамдар;жұмыс істемейтін қандастар; «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көп балалы аналар; мүгедектігі бар адамдар;орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білім беру, сондай-ақ жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша білім алатын адамдар; мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті жұмыс істемейтін алушылар кіреді.

Қазіргі таңда Шымкентте тұрғындардың 80 пайыздан астамы МӘМС -пен қамтылған. Жалпы, МӘМС жарналары мен аударымдары бойынша ставкалар өзгеріссіз қалған. Бірақ базалық есептік көрсеткіштің – ең төменгі жалақының (ЕТЖ) – жаңа мөлшерлерінің бекітілуіне байланысты төлем сомалары өзгерген.

Previous Post

ТҮРКІСТАН: БИЫЛ АУЫЛДАРДА «АУЫЛ АМАНАТЫ» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА 4500-ҒА ЖУЫҚ ЖҰМЫС ОРНЫ АШЫЛАДЫ

Next Post

Мемлекет басшысы «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Сауранбаевты қабылдады

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі