13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкентте тәрбие құрылымдарының офицерлері марапатталды

25 января, 2024
in Жаңалықтар
0
Шымкентте тәрбие құрылымдарының офицерлері марапатталды
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент гарнизонында тәрбие құрылымдарының офицерлері күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Бұл күні 1993 жылы Ел Президентінің Жарлығымен құрылған Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің тәрбие құрылымдарының офицерлері өздерінің кәсіби мерекелерін атап өтеді.

Іс-шара қалалық жастар ресурстық орталығында өтті және гарнизонның әскери бөлім командирлерінің, қорғаныс істері департаменттері мен оқу орындары тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасарларын, сондай-ақ Қарулы Күштер ардагерлерін жинады.
Салатанатты жиын барысында қатысушыларды гарнизон бастығы подполковник Айдос Исаев құттықтады. Ол бүгінде гарнизонның әскери ұжымдарының тәрбие және идеологиялық жұмысы ақпараттық-тәрбие, психологиялық, мәдени-демалыс, әскери-әлеуметтік, әскери тәртіп пен құқықтық тәртіпті нығайту, сондай-ақ жоғары моральдық-психологиялық ахуалды сақтау сияқты көптеген бағыттар бойынша белсенді жұмыс атқарып жатқанын атап өтті.
— Тәрбие құрылымдары офицерлерінің жұмысы қажырлы және маңызды. Олар әскери қызметшілермен тіл табыса білуі, оларды түсінуі және сенімді қарым-қатынас құрудың жолдарын табуы керек. Жеке құрамның жоғары моральдық-психологиялық жай-күйін сақтау тікелей тәрбиешілерге байланысты, — деп атап өтті подполковник Айдос Исаев.
Тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасарлар институтының құрылу тарихы Қарулы Күштердің қалыптасуымен тығыз байланысты. Қазақстан армиясының дамуы мен қалыптасуына қосқан зор үлесі үшін салтанатты жиын барысында ұрпақтар сабақтастығын көрсету мақсатында Қарулы Күштердің ардагерлеріне құрмет көрсетілді.
— Запасқа кеткен әскери қызметшілердің көпшілігі бүгінде жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беру ісіне жан-жақты жәрдем көрсетуді жалғастырып жатқанын түсіну қуантады. Әскери ұжымның қамқорлығы мен назарының арқасында біз, Қарулы Күштердің ардагерлері, қоғамға, әсіресе жастарымызға жинақталған тәжірибемізді жеткізу үшін әлі де пайдалы екенімізді сезінеміз. Бұл ұрпақтар сабақтастығының басты мәні мен кілті, онсыз біз болашаққа жол ашпаймыз, — деп атап өтті запастағы полковник Реиімбай Халмуратов.
Үздік тәрбиешілер гарнизон бастығының атынан грамоталармен және алғыс хаттармен марапатталды. Іс-шара қатысушылар мен қонақтарға қуанышты және мерекелік көңіл-күй сыйлаған мерекелік концертпен аяқталды.

Previous Post

"Белсенді қыз еді": Шымкентте 11 сынып оқушысы өзіне қол жұмсады

Next Post

Дәрілік заттарды таңбалау мәселелері талқыланды

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі