13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Дәрілік заттарды таңбалау мәселелері талқыланды

25 января, 2024
in Жаңалықтар
0
Дәрілік заттарды таңбалау мәселелері талқыланды
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласының кәсіпкерлер палатасында денсаулық сақтау саласы кеңесінің отырысы өтті. Жиынға Палата директорының орынбасары Мақсат Өткелбаев, Кеңес төрағасы Бекайдар Нұрмашев, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы Ләззат Қашқымбаева, Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Сәуле Дүйсенбаева, кәсіпкерлер мен медициналық ұйымдар қауымдастықтарының жетекшілері қатысты.

Кеңес отырысының күн тәртібінде негізгі екі мәселе қаралды – дәрілік заттарды таңбалау мен қадағалау және Шымкент қаласының денсаулық сқатау секторын тексеру тетіктерін талқылау.

Бірінші тақырып бойынша жиынға онлайн қатысқан «Цифрлық экономиканы дамыту орталығы» ЖШС менеджері Людмила Горчинская баяндама жасап, дәрілік заттарды таңбалау мен оның мерзімі туралы түсіндірді. Мамандардың айтуынша, бұл шара тауарларды бақылап отыруға, заңсыз өнімді анықтауға, көлеңкелі айналымды азайтуға және бюджетке түсетін салықты арттыруға мүмкіндік береді.

«Елімізде дәрілік заттарды таңбалауға дайындық, ақпараттық жүйелерді интеграция жасау 2024 жылдың 25 наурызына дейін аяқталуы тиіс. Ал жүйе 2024 жылғы 1 шілдеден бастап жүзеге асырылады деп күтілуде. Осыған байланысты қазіргі таңда дәріханалар, дәріхана қоймалары және жекеменшік денсаулық сақтау ұйымдарының дайындығын қамтамасыз ету жұмыстары жүргізіліп жатыр», – деді Людмила Горчинская.

Ал «Қазақтелеком» АҚ бас менеджері Анар Карибаева медициналық ұйымдардың тиісті бағдарламалардағы пайдалану жазбалары «СҚ-Фармация» және «Қазақтелеком» АҚ жүйелерімен интеграция жасалуы керек деп мәлімдеді. Ол үшін ұйымдардың медициналық-ақпараттық жүйелердегі пайдалану жазбалары ретке келтірілуі тиіс.

Жиын барысында кәсіпкерлер өздерін толғандырған сұрақтарын қойды. Атап айтқанда ыдыстардағы сұйық дәрілерді таңбалау мен уақытша қоймалардың талапқа сай болуы туралы сұрақтар көтерілді.

Бұл бойынша ҚР Денсаулық сақтау министрлігі медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы Ләззат Қашқымбаева жауап берді. Маман уақытша, яғни, кедендік қоймалар да дәрілік заттарды сақтаудың барлық талабына сай болуы керек екеніне тоқталып, сұйық дәрілік заттар қораптарымен таңбалауға жататынын жеткізді.

Жиын барысында анық болғаны – дәрілік заттарды таңбалауға қатысты жекеменшік медициналық және фармацевтикалық ұйым жетекшілерінің сұрағы көп. Атап айтқанда медициналық-ақпараттық жүйелерді интеграциялау, бұл жұмыспен айналысатын компанияларды таңдау, олардың қызмет ақысы деген сұрақтарға нақты жауап айтылмады.

Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша сөз алған Кеңес төрағасы Бекайдар Нұрмашев мемлекеттік органдар тарапынан болатын тексерулерге медициналық және фармацевтикалық қауымдастықтардың да өкілдерін қатыстыру туралы ұсынысты көтерді.

«Бәріңізге белгілі, ҚР Кәсіпкерлік кодексіне сай, тексерулер – бару арқылы және бармай тексеру деп бөлінеді. Осы тұста айтарым, биылдан бастап тәуекелдерді басқару жүйесі автоматтандырылып, бару арқылы тексеруге жататын нысандарды өзі таңдайды. Қазір бұл жүйе жаңадан басталып, жаңартылуда. Сондықтан, бірінші жартыжылдаққа бару арқылы профилактикалық бақылау жасайтын нысандар тізімі жасалған жоқ. Екінші жартыжылдақта, егер осы жүйе толық жүзеге асырылса, онда, жоғарыда айтылғандай, бару арқылы профилактикалық бақылау жасайтын нысандар тізімі автоматты түрде, біздің мамандардың қатысуынсыз жасалады. Біздің ережелер бойынша тексеретін комиссия құрамына департаменттің қызметкерлерінен бөлек аккредитациядан өткен, тізілімге енгізілген тәуелсіз сарапшылар қатыса алады. Біз тиісті нысанға тексеруге барар кезде сол тізілімнен сол салаға қатысты сарапшыны шақырамыз», – деді ҚР Денсаулық сақтау министрлігі медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы Ләззат Қашқымбаева.

Жиын соңында тараптар өзара әріптестікті ары қарай да дамытып, тиісті мемлекеттік органдармен бірге жұмыс істеуге келісті.

Previous Post

Шымкентте тәрбие құрылымдарының офицерлері марапатталды

Next Post

Қазақстанда ең көп зейнетақы алатын адамға БЖЗҚ-дан айына 743 мың теңгедей түседі

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі