13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

«Белсенді қыз еді»: Шымкентте 11 сынып оқушысы өзіне қол жұмсады

25 января, 2024
in Жаңалықтар
0
«Белсенді қыз еді»: Шымкентте 11 сынып оқушысы өзіне қол жұмсады
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкентте №34 мектептің 17 жастағы оқушысы өз-өзіне қол жұмсаған. Қайғылы жағдайға байланысты құзырлы орган өкілдері тексеру жұмыстарын жүргізуде. Бұл туралы 13.kz ақпарат агенттігі Информбюро 31 бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

Марқұм сол күні мектепке баруы керек еді. Алайда ауырып тұрғанын айтып, үйде қалып қойған. Жасөспірімнің денесі кешкі уақытта өз үйінен табылды.
Бір айдан кейін қыз 18 жасқа толу керек еді. Жасөспірімнің суицидке баруына не себеп болғаны әзірге белгісіз. Ата-анасының айтуынша, ол жантәсілім етер алдында ештеңе жазып қалдырмаған. Полицейлер «Өзін-өзі өлтіруге итермелеу» бабы бойынша қылмыстық іс қозғады.

Мектеп мұғалімдерінің айтуынша, марқұмның сыныптастарымен қарым-қатынасы жақсы болған. Оқу үлгерімі де қанағаттанарлық. Сондай-ақ олар жасөспірімнің қатарластары тарапынан буллинге ұшырауы мүмкін деген ақпаратты жоққа шығарды.
“Белсенді қыз еді. Мектептегі мерекелік шараларға қатысатын. Сыныптастарымен қарым-қатынасы жақсы еді, мұғалімдерді де сыйлайтын. Жыл басында және үшінші тоқсанда мектеп оқушыларының психологиялық жағдайына талдау жасаймыз. Жыл басында марқұм жақсы нәтиже көрсеткен еді”, – дейді педагог-психолог Ардақ Айтпаева.
Бұған дейін білім басқармасының қызметкері Антикор тергеуінен кейін өзіне қол жұмсаған еді.

Previous Post

Солтүстік Қазақстанда білім басқармасының қызметкері Антикор тергеуінен кейін өзіне қол жұмсады

Next Post

Шымкентте тәрбие құрылымдарының офицерлері марапатталды

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі