13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Солтүстік Қазақстанда білім басқармасының қызметкері Антикор тергеуінен кейін өзіне қол жұмсады

25 января, 2024
in Жаңалықтар
0
Солтүстік Қазақстанда білім басқармасының қызметкері Антикор тергеуінен кейін өзіне қол жұмсады
Share on FacebookShare on Twitter

Тергеуге куәгер ретінде шақырылған Солтүстік Қазақстан облысында аудандық білім басқармасының қызметкері Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің тергеуіне қатысқан соң өзіне қол жұмсаған.

“Солтүстік Қазақстан облысында қылмыстық іс бойынша сотталушының қарамағындағы қызметкердің өзіне қол жұмсағаны белгілі болды. Ол тергеуге куәгер ретінде қатысты. Сондай-ақ облыс бойынша оның емін-еркін жүріп-тұруына шектеу қойылмаған еді. Полиция суицидке итермелеу дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр”, – деп мәлімдеді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Арман Тілеукенов.
Арман Тілеукеновтің айтуынша, сотталушы Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы білім бөлімінің басшысы қызметінде болған. Марқұмның басшысы делдал арқылы 1,2 миллион теңге пара алды деген күдікке ілінген.
“Ол бір мектептің күрделі жөндеуін аяқтағаны туралы актіге қол қойғаны үшін мердігер ұйымның өкілінен пара алған. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды”, – деді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз хатшысы.
Бұған дейін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Нұрәлі Әлиевке байланысы бар зілзаланың ескерту жүйесіне қатысты тексеруді бастаған еді.

Previous Post

Алматы маңында түнде бес рет жер сілкінді

Next Post

"Белсенді қыз еді": Шымкентте 11 сынып оқушысы өзіне қол жұмсады

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі