13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ӘСКЕРГЕ ШАҚЫРЫЛУШЫЛАРДЫ ЗЕРДЕЛЕУ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

12 января, 2024
in Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ӘСКЕРГЕ ШАҚЫРЫЛУШЫЛАРДЫ ЗЕРДЕЛЕУ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысында 2024 жылғы көктемгі әскерге шақыру науқанына азаматтарды іріктеу және алдын-ала зерделеу бойынша жұмыстар басталды. Еліміздегі түрлі әскери ұйымдарының жауапты өкілдері, сардарлары 10 қаңтар мен 10 наурыз аралығында облыстың аудан, қалаларын аралап, түсіндіру және зерделеу жұмыстарын жүргізеді.

Осы жұмысты жүйелі атқару мәселесі Түркістан облысы әкімдігінде өткен жиында талқыланды. Облыс әкімінің орынбасары — әскерге шақыру комиссиясының төрағасы Бейсен Тәжібаев жасөспірімдер мен жастардың отаншылдық сезімін қалыптастыру бағытындағы бастамаларға қолдау көрсетілетінін жеткізді.
– Әскери-патриоттық іс-шаралардың мазмұнын байытып, сапасын көтеру керек. Қорғаныс істері департаментімен бірлесе жұмыс істеуге, қолдау көрсетуге дайынбыз, – деді облыс әкімінің орынбасары.
Жиында облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы, полковник Нұрмаханбет Дюсебаев биыл да Түркістан өңірінен 4 мыңнан аса жігіт әскерге шақырылатынын, осы бағытта дайындық жұмыстары жүріп жатқанын мәлімдеді. Шекара қызметі, Ұлттық гвардия өкілдері де өз ұсыныстарын білдірді. ҚР ҚК ардагерлері кеңесінің облыс бойынша филиалының төрағасы мен әскерге шақыру жұмыстарын ұйымдастыруға жауапты тұлғалар тарапынан да пікірлер мен ұсыныстар айтылды.
Айта кетейік, биыл өңірде әскери-патриоттық бағыттағы іс-шаралар санын көбейту, оған қолдауды күшейту көзделіп отыр. Жастарды әскерге қызықтыру, түсіндіру жұмыстары да жалғасады.

Tags: 13kz13kz.kz13кзТүркістанТүркістан облысыШымкент гарнизоны
Previous Post

Әскерилер үстел теннисінен бақтарын сынады

Next Post

Шашын тақырлап зорлаған - Текелі тауынан табылған қыз жайлы тың дерек шықты

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі