13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шашын тақырлап зорлаған — Текелі тауынан табылған қыз жайлы тың дерек шықты

12 января, 2024
in Жаңалықтар
0
Шашын тақырлап зорлаған — Текелі тауынан табылған қыз жайлы тың дерек шықты
Share on FacebookShare on Twitter

Талдықорғанда үш айға жуық уақыт бұрын жоғалған Карина Дарохинаның өліміне қатысты тың деректер шықты.
Айуандықпен өлтірген. Қыздың денесіне жасалған сараптама нәтижесі бойынша, Каринаны арқанмен буындырып өлтіргені белгілі болды. Оған дейін қыздың шашын тақырлап алып тастаған. Ең сорақысы, сараптама оқушының жыныстық зорлық-зомбылыққа ұшырағанын да анықтаған.

Оқушы қыздың мәйітіне жасалған сараптаманың алғашқы нәтижесі бойынша оны буындырып өлтірген деген қорытынды жасалды. Сондай-ақ, жасөспірімнің бұған дейін сексуалдық қарым-қатынаста болғаны және шашын тақырлап алып тастағаны анықталды, — деп хабарлады жергілікті полицияда жұмыс істейтін қызметкердің бірі.

Тексеріс қайтадан жүргізіледі. Қазір полиция қылмысқа күдікті ретінде ұсталған өгей әкені зорлауға қатысты қайта тексеруді бастады. Сондай-ақ оның отбасындағы басқа да балалары тиісті тексеруден өткізілмек.
Бүгін Талдықорғандағы жақындары мен достары Карина Дарохинаның денесін жер қойнына тапсырды.
Оқиғаның мән-жайына тоқталсақ, Каринаның ұзақ уақыт бойы мектепке бармай, хабар-ошарсыз кеткенін туған әкесінің туыстары байқап, анасына сұрау салады. Полицияға арыз жазуға келген анасы оның қарашадан бері жоқ екенін айтқан. Тергеу барысында әйелдің өтірік ақпарат бергені анықталды.
Әйел Талдықорғандағы екінші күйеуі жұмыс істейтін көлік жөндеу орталығында қызымен келіспей, ұрысып қалып, ашумен жіппен қылғындырып өлтіргенін мәлімдеген. Алайда, екінші нұсқасында қызды өгей әкесінің ұрып өлтіргенін айтқан.

Оқушы қыз қайтыс болған сәтте ерлі-зайыпты Айсабакиевтер оны жол талғамайтын көлікке салып, Текелі жақтағы тау бөктеріне апарып, көміп тастаған.

Естеріңізге салсақ, қыздың денесі Текелі тауынан табылған болатын. Оны сол жерге көміп тастаған. Мәйітті полицейлер, әскери қызметшілер мен еріктілерден тұратын іздеу тобы тапқан.

Previous Post

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ӘСКЕРГЕ ШАҚЫРЫЛУШЫЛАРДЫ ЗЕРДЕЛЕУ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

Next Post

Президент реформасы – дамудың жаңа табалдырығы

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі