13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Әскерилер үстел теннисінен бақтарын сынады

12 января, 2024
in Жаңалықтар
0
Әскерилер үстел теннисінен бақтарын сынады
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент гарнизонында үстел теннисінен «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының чемпионаты аяқталды. Турнирге «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының бөлімдерінен 12 команда құрамында 50-ден астам әскери қызметші қатысты. Сайыс жеке және командалық сынақтарда жеңіске жеткені үшін 2 марапаттар жиынтығы бойынша ұйымдастырылды.

Дәстүр бойынша жарыстың басталуы Мемлекеттік Туды көтеріп Әнұранды орындаумен ашылды, содан кейін бірінші кезеңге жеребе тартылды.
Бұл кезең командалар арасында ұзақ және қарқынды ойынмен ерекшеленіп, 35748 әскери бөлім командасы жеңімпаз атанса, 29108 әскери бөлімінің құрамасы күміс жүлдегер, ал 03811 әскери бөлімнің командасы үздік үштік қатарын толықтырды.
Екінші кезеңде бірінші кезеңнің қорытындысы бойынша финалға шыққан және өз командасының ішінде үздік нәтиже көрсетіп, сондай-ақ теннис ракеткасын меңгеру шеберлігімен көзге түскен 12 адам үшін қайта жеребе тартылды.
Үздіктердің үздігі кірген шешуші ойындардың барлығында күрес қарқынды болғандықтан, соңына дейін ешкім ойынның нәтижесін алдын ала болжай алмады.
Қортындылай келе жеке есепте ерлер арасында капитан Т.М.Секенов жеңімпаз атанды, ал майор Б.А.Саипова болмысынан нәзік жанды жауынгерлер арасында жеңіске жетті. Екі жеңімпаз да 85395 әскери бөлімінде қызмет етеді.
— Турнир жоғары деңгейде өтті. Біздің команда күн сайын ракетканы меңгеру шеберлігін пысықтай отырып, чемпионатқа қарқынды дайындалды, бірақ ең бастысы, жарыста жеңіске жетуге тәртіп пен командалық рух көмектесті, — деп бөлісті 85395 әскери бөлімінің әскери қызметшісі майор Бақыткүл Саипова.
Турнирден кейін марапаттау рәсімі өтті. Жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне құрмет грамоталары, кубок пен вымпел табысталды.

Шымкент гарнизонының баспасөз қызметі

Tags: 13kz13kz.kz13кзТүркістан облысыШымкент гарнизоны
Previous Post

Тойханаға түйе кіргізгендер сынға қалды

Next Post

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ӘСКЕРГЕ ШАҚЫРЫЛУШЫЛАРДЫ ЗЕРДЕЛЕУ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі