13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ЕСЕПТЕУ ЖҮЙЕСІН САНДЫҚ ЖҮЙЕГЕ АУЫСТЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ

24 ноября, 2023
in Жаңалықтар
0
ЕСЕПТЕУ ЖҮЙЕСІН САНДЫҚ ЖҮЙЕГЕ АУЫСТЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгін Түркістан облысы білім басқармасында білім беру ұйымдарында бірыңғай ақпараттық есептеу жобасын іске асыру мәселесі, пилоттық жобаның маңыздылығын талқылау жұмыстары жалғасын тапты.
Жиынға басқарма басшысының жауапты орынбасары Бауыржан Талғатұлы төрағалық етіп, басқармадағы жауапты мамандар ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті Превенция басқармасы басшысының орынбасары Сәбит Әсетұлы мен “Фаворит” бухгалтерлік есеп жүйесінің және “Азия Сервис” ЖШС-і мекемелерінің өкілдері қатысты.
“1С” бағдарламасы мен “Фаворит” бухгалтерлік есеп жүйелерінің қолданыста көру жұмыстарын пысықтау үшін білім бөлімі тарапынан бірқатар ұсыныстар айтылды. Компаниялар тарапынан үйретушілер санының аздығы, жұмысты тежеп отыр дейді мамандар.
Есептеу жүйесін ашық режимде қамтамасыз ете алатын бастаманы көру үшін алдағы аптада Түлкібас пен Төлеби аудандарының білім бөлімдерінің жаңа сандық жүйені қаншалықты үйренгені пысықталады.
Әр аптада аталған қос компания өкілдері атқарылған жұмыстар легімен хабардар етіп отырады. Бұдан бөлек, әріптестер тарапынан ұсыныстар мен пікірлер де айтылды. Жиын соңында қозғалған және жүктелген мәселелерді тиісті мандардың орындалуы тапсырылды.
Айта кетерлігі, “1С” бағдарламасы мен “Фаворит” бухгалтерлік есеп жүйесі — білім саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін алдын алу бойынша және қаржылық операцияларда ашықтықты қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асады. Түлкібас ауданының білім бөліміне қарасты барлық білім беру ұйымдарының директордың бейіндік ісі жөніндегі және оқу ісі жұмыстары жөніндегі орынбасарларына әдістемелік көмек көрсетілді. Әдістемелік десантты Білім беруді дамыту орталығының «Инновациялық және стратегиялық жоспарлау» кафедрасының меңгерушісі Жунисова Назым Досжановна, кафедра әдіскерлері Байдарбекова Эльмира Садуовна, Тлеулиев Самат Пернебайұлы жүргізді.
Аталған іс-шараны Түлкібас ауданының білім бөлімінің бас маманы Б.Қилыбаев ашып беріп, білім беру жүйесіндегі инновациялық-педагогикалық технологияларды тиімді пайдаланудың жолдары, «Білімді ұлт» сапалы білім білім беру» ұлттық жобасын білім беру ұйымдарында іске асыру бойынша педагогтердің кәсіби құзыреттілігін дамыту бойынша тоқталып өтті.
Бүгінгі өткізілген әдістемелік десанттың мақсаты: Түлкібас ауданы көлемінде мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасарларының білім беру жүйесіндегі инновациялық-педагогикалық технологияларды тиімді пайдалану жұмыстарының әдістемесін жетілдіру, оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту бойынша әдістемелік сүйемелдеу.
Аталған әдістемелік десантқа барлық білім беру ұйымдарының оқу ісі жөніндегі орынбасарлары және білім бөлімінің әдіскерлері қатысты.
Директордың оқу-ісі және бейіндік ісі жөніндегі орынбасарларына көрсетілген әдістемелік көмек білім беру сапасын қамтамасыз ету бойынша оқу-әдістемелік жұмыс мазмұнын жетілдіру, оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастырудың өзекті мәселелері бойынша жұмыс жасауға өз ықпалын тигізді.
Бүгінгі өткізілген әдістемелік десант өз деңгейінде өтіп, оқу ісі жөніндегі орынбасарлары өзара пікір алмасып, тиімді кері байланыс орнатылды.

Previous Post

ТҮРКІСТАН: ОТЫРАРЛЫҚ ОҚУШЫ ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚТАН ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ

Next Post

САУРАН: СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КЕЗДЕСУ ӨТКІЗІЛДІ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі