13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

САУРАН: СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КЕЗДЕСУ ӨТКІЗІЛДІ

24 ноября, 2023
in Жаңалықтар
0
САУРАН: СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КЕЗДЕСУ ӨТКІЗІЛДІ
Share on FacebookShare on Twitter

Сауран ауданының білім беру ұйымдарында «Адал ұрпақ» ұйымы мен «Аманат» дебат клубының ұйымдастыруымен бөлімге қарасты А.Байтұрсынұлы атындағы мектепте «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жеңіс шындық па, әлде арман ба?» атты дебат ойыны, А.Үсенов атындағы мектепте «Сурет байқауы», А.Юганики мектебінде «Адалдық-асыл қасиет» сынып сағаты, М.Мәметова мектебінде Мәдениет қайраткерлері Тутихан Абдувалиқизы және Зебинисо Марибжанқызымен кездесулер өткізілді.
Аталған іс-шараға облыстық «Адалдық алаңы» жетекшісі Абуова Нұржахан Ермағамбетқызы және Сауран ауданының білім бөлімінің басшысы Батырбекова Ақмарал Үсенқызы қатысты.
Іс-шараға қатысушылар адалдық, парасаттылық, адамгершілік тақырыптары аясында ой пікірлерімен бөлісті.
Түркістан облысы әкімінің аппараты әдеп жөніндегі уәкілдің міндетін атқарушы Нұрдос Құлмаханұлымен Түркістан облысы білім басқармасына сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне қарсы жүргізілген ішкі талдау жұмыстары (ТБН-4 іс-шарасы) нәтижесінде анықталған сыбайлас жемқорлыққа бейім лауазымды атқаратын мемлекеттік қызметшілермен кездесу — түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Кездесу барысында аталған лауазымда қызмет жасайтын тұлғаларға сыбайлас жемқорлықты болдырмау, алдын-алу бойынша тиісті шараларды қабылдау керектігі түсіндірілді.
Сонымен қатар, Сыбайлас жемқорлықтың тәуекелдерінің алдын алу мақсатында Түркістан облысының аудан-қалаларындағы білім беру ұйымдарында семинар өтті.
Алдымен Түркістан мен Кентау қаласында және Сауран ауданында ұйымдастырылды. Содан соң Арыс қаласы мен Ордабасы, Отырар ауданында барлық білім беру ұйымдарымен «Адалдық құндылықтарын және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез құлықты дәріптеу тақырыбында» өткізілді.
Аталған семинарға Түркістан облысы әкімі аппаратының қоғамдық-саяси сала мониторингі бөлімінің басшысы Самат Расұл, Құқықтық актілерді сараптау және заңдылықты қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Әлжан Сапарбеков, Түркістан облысының білім басқармасының орталықтандырылған бухгалтерия заңгері Гүлмарал Сейіт, «Адалдық алаңы» жобалық кеңесінің жетекшісі Нұржахан Абуова қатысты. Сондай-ақ бөлім әдіскерлері, мектеп басшылары және педагогтер бой көрсетті.

Previous Post

ЕСЕПТЕУ ЖҮЙЕСІН САНДЫҚ ЖҮЙЕГЕ АУЫСТЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ

Next Post

ПАРАҚОРЛЫҚПЕН ПӘРМЕНДІ КҮРЕСУ – БОРЫШЫМЫЗ!

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі