13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ОТЫРАРЛЫҚ ОҚУШЫ ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚТАН ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ

24 ноября, 2023
in Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН: ОТЫРАРЛЫҚ ОҚУШЫ ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚТАН ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ
Share on FacebookShare on Twitter

Петропавл қаласында 13-19 қараша күндері тоғызқұмалақтан жастар мен жасөспірімдер арасында ел чемпионаты өтті.
Дүбірлі додаға Түркістан облыстық іріктеу жарысында барлық қарсыластарын жеңген Отырар ауданына қарасты Қ.Сәтбаев атындағы мектептің 4 сынып оқушысы Әлихан Қанатұлы қатысқан болатын. Ол 6-7 күнге созылған тартысты жарыста І орынды қанжығасына байлап, алтыннан алқа тақты. Жаттықтырушысы — Азамат Ділдабаев. Әлихан – мектебінде үздік оқушы, көпбалалы отбасы мүшесі. Тоғызқұмалаққа жастайынан әуес. Алдағы уақытта ел намысын әлемдік жарыстарда қорғауды мақсат етіп отыр.
Түлкібас ауданында тоғызқұмалақтың рапид түрінен Түркістан облысының тоғызқұмалақ федерациясының кубогы жолындағы республикалық жарыс өтті. Жарысқа Шымкент қаласы мен Алматы, Ақтөбе, Қызылорда, Қарағанды, Павлодар, Түркістан облыстарынан 200-ге жуық спортшы қатысып, шеберліктерін шыңдады.
Жарыс 8 топта 15 жасқа дейінгі ұлдар мен қыздар арасында аса тартысты өтті. Ашылу салтанатында Түлкібас ауданнық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Ербол Сейфуллаев, Түркістан облыстық №6 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Бауыржан Бөріқұлов және Түркістан облысының тоғызқұмалақ федерациясының президенті Нұрғали Мылтықбаев арнайы қатысып, жас спортшыларға қолдау көрсетті.
Жарыс тартысты өтті. Ұлттық спорт үздікт ері жиналған сайыста 15 жасқа дейінгі қыздар аралығында Түркістан облыстық ұлттық спорт түрлері мектебінің талантты шәкірті В.Белицкая жеңімпаз атанды. Ал Алматы облысынан келген спортшы қыз А. Мақсатқызы күміс жүлдеге ие болды. Ұлдар арасында бағын сынаған түркістандық З. Лес алтын медаль жеңіп алды. 13 жасқа дейінгі ұлдар ішінде Қызылорда облысынан келген Е.Ертай жеңістің шыңын бағындырды. Бұдан басқа қыздар арасында бағын сынаған Бәйдібек ауданының спортшысы Н.Ұстазхан бас жүлдені қанжығасына байлады. Жарыс барысында 11 жас ұлдар арасында шеберлігін көрсеткен Алматы облысының өкілі И. Балағаз жеңімпаз атанды.
Жеңімпаз бен жүлдегерлерді және жаттықтырушыларды Түркістан облысының тоғызқұмалақ федерациясының президенті құттықтап, бағалы сыйлықпен марапаттады.

Previous Post

МАҚТААРАЛДЫҚ ЖАС ДАРЫННЫҢ КІТАБЫН ТҮРКИЯДАҒЫ «FERFİR» БАСЫЛЫМЫ ЖАРЫҚҚА ШЫҒАРДЫ

Next Post

ЕСЕПТЕУ ЖҮЙЕСІН САНДЫҚ ЖҮЙЕГЕ АУЫСТЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі