13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ФАРАБ КІТАПХАНАСЫНЫҢ ТӨРІНДЕ — СОЗАҚ АУДАНЫ

23 ноября, 2023
in Жаңалықтар
0
ФАРАБ КІТАПХАНАСЫНЫҢ ТӨРІНДЕ — СОЗАҚ АУДАНЫ
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан қаласындағы «Фараб» ғылыми-әмбебап кітапханасында дәстүрлі түрде өткізіліп отырған «Шежірелі өлкеден – Рухани темірқазыққа» акциясы аясында «Кітап саяхаты -2023» атты кітап керуенімен аталған кітапхана төрінде қонақта Созақ аудандық орталықтандырылған кітапханасы болуына орай ауқымды мәдени іс-шара ұйымдастырылып,өткізілді.
Осы іс-шараның ашылу салтанатында сөз сөйлеген Созақ ауданы әкімінің орынбасары Қалдыбек Оразов, Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген тыл ардагерлері, Түркістан қалалық ардагерлер кеңесінің мүшелері, Түркістан қаласының құрметті азаматтары Өтепберген Қуанышбай мен Кеңес Мәрсәлі және «Фараб» ғылыми-әмбебап кітапханасының директоры Жанат Шардарбекова өз сөздерінде барлық қатысушыларға шын жүректен құттықтауларын айтып, мәдени іс- шараның жоғары деңгейде өтуіне ізгі ниеттерін білдірді.
Созақ ауданының кітапханашылары «Фараб» ғылыми-әмбебап кітапханасының қорына 500 дана кітап және тактильді кітап сыйға тартса, Созақ ауданының белгілі азаматтары Нұржамал Төлеуова, Тұмартай Дінтайұлы мен Сәрсенбек Сайлаубекұлы кітап керуеніне қатысушылар мен көрермен қауымды айтулы іс- шараның өткізілуімен құттықтап, кітап сүйгіш оқырманның көбейе беруіне тілектестіктерін айтқаннан соң «Шежірелі Теріскей, Қазыналы Қаратау» тақырыбындағы арнайы ұйымдастырылған кітап көрмесі көрерменге таныстырылды.
Кітап керуеніне арналған мәдени іс-шара созақтық жазушы-аудармашы Елнұр Қайратұлының «Қасқыр ұлыған түн» шығармасының желісіндегі қойылымынан кейін ақын,жазушы- аудармашы Елнұр Қайратұлы және қазақ эстрадасының жұлдызы, «Жігіттер» тобының әншісі, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты Ердос Қанаевтың қатысуында «Күзгі сыр» айдарымен дайындалған шығармашылық кездесу рухани әдеби-сазды кешке ұласты.
Мәдени іс-шараны қорытындылаған «Фараб» ғылыми-әмбебап кітапханасының директоры Жанат Шардарбекова Созақ ауданынан келген қонақтарға ризашылығын білдіріп, шынайы алғысын жеткізді.
Бақытжан БЕЙСЕМБАЕВ, Түркістан облыстық Қоғамдық кеңес мүшесі, «Бітімгер» медиаторлардың қоғамдық бірлестігінің басшысы

Previous Post

САУРАН: МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМДАРДА ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ НАСИХАТТАУ БАСТЫ НАЗАРДА

Next Post

«Зорлық-зомбылықтың алдын алу» және «Алаяқтық қылмыстарынан сақ болыңыз» тақырыбында ақпараттық - түсіндіру жұмыстары өткізілді

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі