13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

«Зорлық-зомбылықтың алдын алу» және «Алаяқтық қылмыстарынан сақ болыңыз» тақырыбында ақпараттық — түсіндіру жұмыстары өткізілді

23 ноября, 2023
in Жаңалықтар
0
«Зорлық-зомбылықтың алдын алу» және «Алаяқтық қылмыстарынан сақ болыңыз» тақырыбында ақпараттық — түсіндіру жұмыстары өткізілді
Share on FacebookShare on Twitter

Аудан прокуратурасының ұйымдастыруымен 23.11.2023ж. аудандық білім бөліміне қарасты Шаян ауылында орналасқан білім беру мекемелерінің (Шаян мектеп-лицейі, М.Әуезов атындағы IT-лицей-мектебі, С.Әбдіжаппаров атындағы жалпы білім беретін мектеп-интернаты) қызметкерлерінің қатысуымен «Зорлық-зомбылықтың алдын алу» және «Алаяқтық қылмыстарынан сақ болыңыз» тақырыбында ақпараттық — түсіндіру жұмыстары өткізілді.
Бүгінгі күнге барша әлем елдерінде орын алып жатқан тұрмыстық заң бұзушылық біздің елімізде де өзекті мәселелердің бірі болып табылады.
Қазақ отбасыларында зорлық-зомбылық жағдайлары жиі кездеседі, алайда көп жағдайда отбасын сақтап қалу ниетімен және қалыптасқан тәрбиеге сәйкес «елден ұят болады деп» әйелдер қауымы орын алған зорлық-зомбылық жөнінде шағыммен жүгінбейді.
Қазақстан Республикасының Конституциясында көрсетілгендей адамның қадір-қасиетіне қол сұғылмайды, әркімнің ар-намысы мен абыройлы атының қорғалуына құқығы бар.
Әр адам мемлекеттің азаматы болғандықтан, оны қорғау да мемлекетке жүктеледі.
Сондықтан, кез келген орын алған зорлық-зомбылық әрекеті бойынша заң талаптарына сәйкес жаза тағайындалуы тиіс.
Қазіргі таңда республика және аудан көлемінде зорлық-зомбылықпен бірге алаяқтық қылмыстары көптеп орын алуда.
Алаяқтық қылмыстарының ішіндегі кең таралған түрі – интернет алаяқтық. Бұл қылмыстарды алаяқтар ұялы телефон арқылы хабарласып, өздерін банк қызметкері немесе тауарлар жарнамалау және сатушы ретінде таныстырып, алаяқтық жолмен жәбірленушілердің сенімдеріне қиянат жасай отырып, қаражатын иемденеді.
Алаяқтық әрекеттерден сақ болу үшін бөтен абоненттік номерлерден хабарласқан бейтаныс азаматтардың қоңырауларына жауап бермеуді және алаяқтардың нұсқауымен белгісіз ақпараттық бағдарламаларды ұялы телефонға жүктемеу қажет.
Аталған шарада әйелдер мен балаларды қорғау, зорлық-зомбылықтың алдын алу және тосқауыл қою, сонымен қатар алаяқтық қылмыстарынан сақ болу мәселелері жан-жақты талқыланды.

Previous Post

ФАРАБ КІТАПХАНАСЫНЫҢ ТӨРІНДЕ - СОЗАҚ АУДАНЫ

Next Post

Бизнес пен биліктің әріптестігінен мемлекет ұтады

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі