Сауран ауданының білім бөліміне қарасты «Құлыншақ » бөбекжай балабақшасында «Мектепке дейінгі ұйымда ұлттық құндылықтарды насихаттау » тақырыбында аудандық тәжірибелік семинар өтті.
Семинарға меншік нысанына қарамастан барлық мектепке дейінгі ұйым тәрбиешілерінен 55 педагог қатысты.
Тәрбиеші Г.Бектибаева «Ою-өрнек- ой өрісім», А.Аханова «Ұлттық құндылығым — мақтанышым» тақырыбында ортаңғы топ балаларымен іс — әрекет көрсетіп, тәрбиеші Г.Күнпайсова «Салтым -асыл қазынам» тақырыбында ата — анамен бірге бесікке салу дәстүрін дәріптеді. Ересек топ тәрбиешісі А.Нарымбетова «Ұлттық мұра — қазынам» тақырыбында түрлі әрекеттер: айтыс, мақал- мәтел сайысы, ән айту, Алдар көсемен түрлі ойындар, шаш өру, жүн түту, қонақжайлылық туралы кеңінен тоқталды.
Тәрбиешілер баланың жасына сәйкес салт-дәстүр,ұлттық ойын түрлерін басқа да құндылықтарды баланың бойына сіңіруде үлкен еңбек етуде.
Қай ел, қай қоғамда болсын адамзат баласы жас ұрпақ тәрбиесіне зор мән берген. Өркениет жолында алға ұмтылған ұлт, ең алдымен, келешек ұрпаққа оқу- білім және өнегелі тәрбие беру ісін дұрыс жолға қоюы тиіс. Патриоттық сезім жалпы адам баласының елін, жерін, өз тілі мен мәдениетін, тарихи ұлттық құндылықтарын қастерлейтін, батырларын үлгі тұтатын, елінің болашағына сеніммен қарап, өзіндік бағасын түйсінуін, қуаттап қолдауын пайымдайтын көрсеткіші болып табылады.дәстүрлерімізбен, мәдени құндылықтарымызбен таныстыруымыз керек.
Ұлттық құндылықтар дегеніміз не? Әр ұлттың өзінің ұлттық құндылықтары болады. Бір ұлтты екіншілерінен ерекшелендіріп тұратыны оның: тілі, ертегілері, мақал-мәтелдері, лиро-эпостық және батырлар жырлары, әдет- ғұрпы, салт-санасы, менталитеті, мәдениеті, өнері, тағамдары, ұлттық қолөнері, тұрмыстық бұйымдары, ұлттық ойындары, т.б. өзгелерге ұқсамайтын қасиеттері. Осылардың бәрі – ұлттық құндылықтарға жатады. Кез-келген ұлттың сипаты бес қағидаға келіп тіреледі. Біріншісі –тілі, екіншісі –діні, үшіншісі-дәстүрі, төртіншісі –тарихы, бесінші-атамекені. Құндылықтар –шынайы ғана болады, ол адамға тәуелді емес,дей тұрғанмен ол ең алдымен адам санасында орын алады.Құндылықтарды сезім арқылы қабылдап, ал сана арқылы түсінуге болады, соның нәтижесінде тұлға құндылықты игереді,соған сай әрекет етеді.