13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

САУРАН: «ДЕСТРУКТИВТІ ДІНИ АҒЫМДАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ ЖӘНЕ ШЕТЕЛДЕ ТЕОЛОГИЯЛЫҚ БІЛІМ АЛУ ҚАУПІ» ТАҚЫРЫБЫНДА КЕЗДЕСУ ӨТТІ

23 ноября, 2023
in Жаңалықтар
0
САУРАН: «ДЕСТРУКТИВТІ ДІНИ АҒЫМДАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ ЖӘНЕ ШЕТЕЛДЕ ТЕОЛОГИЯЛЫҚ БІЛІМ АЛУ ҚАУПІ» ТАҚЫРЫБЫНДА КЕЗДЕСУ ӨТТІ
Share on FacebookShare on Twitter

Ағымдағы жылдың 16 қараша күні Сауран ауданына қарасты «Қазыбек би» атындағы жалпы орта мектебінде «Деструктивті діни ағымдардың алдын алу және шетелде теологиялық білім алу қаупі» тақырыптарында кездесу өтті.
Кездесуге Сауран ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің басшысы Н.Тажыбеков, Түркістан облысының дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің бөлім басшысы Ж.Жорабек, Түркістан облысы Қоғамдық даму басқармасының “Қоғамдық келісім” КММ-нің Сауран аудандық филиалының маманы Н.Оспанов, “Қазыбек би” атындағы жалпы орта мектебінің директоры Ж.Досманов қатысты.
«Деструктивті діни ағымдардың алдын алу және шетелде теологиялық білім алу қаупі» тақырыптарындағы кездесуді ішкі саясат бөлімінің басшысы Н.Тажыбеков ашып, кездесудің маңыздылығын атап өтті.
Кездесу барысында Ж.Жорабек деструктивті діни ағымдардың қауіптілігі мен сипаттамасы жөнінде мағлұматтар беріп, жастардың кереғар діни ағымдардың ықпалында қалуы қазіргі таңда өзекті мәселе екенін жеткізді. Сөз кезегін алған Н.Оспанов дін адамзат баласын игілік пен ынтымаққа шақырушы екенін, қоғамға және адам өміріне зиян тигізу дінге жат екенін жеткізді. Дін адамды ұлтына бөлмей бүкіл қоғам үшін бүкіл қоғам үшін ортақ екенін айтты. Қоғамдағы ынтымақтастық пен татулықта діннің алар орны ерекше екенін түсіндірді
Дәстүрлі емес діни ағымдардың таралуы мен оларға қарсы насихаттық шаралар туралы толыққанды түсіндірді. Кездесуде облыстық «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ тарапынан дайындалған арнайы бейнематериал көрсетіліп, ақпараттық материалдар таратылды. Теолог мамандар оқушылардың пікірлерін біліп, қойған сұрақтарына жауап берді.
Кездесу соңында ішкі саясат бөлімінің басшысы Н.Тажыбеков қатысушыларға алғысын білдіріп, кездесуді қорытындылады.

Previous Post

«ТҮРКІСТАН ТАЛАНТТАРЫ» ӘДЕБИ ЖОБАСЫ СОЗАҚ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСТЫ

Next Post

САУРАН: МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМДАРДА ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ НАСИХАТТАУ БАСТЫ НАЗАРДА

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі