13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

«ТҮРКІСТАН ТАЛАНТТАРЫ» ӘДЕБИ ЖОБАСЫ СОЗАҚ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСТЫ

23 ноября, 2023
in Жаңалықтар
0
«ТҮРКІСТАН ТАЛАНТТАРЫ» ӘДЕБИ ЖОБАСЫ СОЗАҚ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСТЫ
Share on FacebookShare on Twitter

«Түркістан таланттары» жобасы Созақ ауданында жалғасын тапты. Онда «Мыңжылқы» мәдениет сарайында өткен кездесу кешінің кейіпкерлері – Созақ ауданының перзенттері, ақын-ұстаз Тұмартай Дінтайұлы, ҚР Мәдениет қайраткері, драматург-режиссер Сая Қасымбек, ақын-журналист Гүлнар Өмірбек.
«Күй елі – жыр елі» атты іс-шарасын Созақ ауданы әкімінің орынбасары Қалдыбек Оразов ашып берді. Ол кеш кейіпкерлерімен қатар ақын Айдар Сейдазым мен Әлімжан Әлішерді және облыстық кітапхана директоры Жанат Шардарбекованы аудан әкімінің алғыс хатымен марапаттады.
Мазмұнды кешті ақын Айдар Сейдазым жүргізіп отырды. Кеш кейіпкерлері өз туындыларын оқып, сырларымен бөлісті.
Айта кетейік, аталған жоба Түркістан облыстық мәдениет және туризм басқармасының қолдауымен, Қазақстан Жазушылар одағының Түркістан облыстық филиалы мен облыстық «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасы ұйымдастырған.2023 жылдың 23 қараша күні Түркістан облысы білім басқармасының “Білім беруді дамыту орталығының ” бастамасымен “Білім беру жүйесіндегі инновациялық-педагогикалық технологияларды пайдаланудың тиімділігі” тақырыбында Түлкібас ауданының білім бөліміне қарасты барлық білім беру ұйымдарының директордың бейіндік ісі жөніндегі және оқу ісі жұмыстары жөніндегі орынбасарларына ӘДІСТЕМЕЛІК КӨМЕК көрсетілді. Әдістемелік десантты Білім беруді дамыту орталығының “Инновациялық және стратегиялық жоспарлау ” кафедрасының меңгерушісі Жунисова Назым Досжановна, кафедра әдіскерлері Байдарбекова Эльмира Садуовна, Тлеулиев Самат Пернебайұлы жүргізді.

Аталған іс-шараны Түлкібас ауданының білім бөлімінің бас маманы Б.Қилыбаев ашып беріп, білім беру жүйесіндегі инновациялық-педагогикалық технологияларды тиімді пайдаланудың жолдары, “Білімді ұлт” сапалы білім білім беру ” ұлттық жобасын білім беру ұйымдарында іске асыру бойынша педагогтердің кәсіби құзыреттілігін дамыту бойынша тоқталып өтті.

Бүгінгі өткізілген әдістемелік десанттың мақсаты: Түлкібас ауданы көлемінде мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасарларының білім беру жүйесіндегі инновациялық- педагогикалық технологияларды тиімді пайдалану жұмыстарының әдістемесін жетілдіру, оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту бойынша әдістемелік сүйемелдеу.

Previous Post

ОТЫРАРДА «ҮЗДІК МҰҒАЛІМ-2023» БАЙҚАУЫНЫҢ БАС ЖҮЛДЕСІН ЖЕҢІП АЛДЫ

Next Post

САУРАН: «ДЕСТРУКТИВТІ ДІНИ АҒЫМДАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ ЖӘНЕ ШЕТЕЛДЕ ТЕОЛОГИЯЛЫҚ БІЛІМ АЛУ ҚАУПІ» ТАҚЫРЫБЫНДА КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі