13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ОТЫРАРДА «ҮЗДІК МҰҒАЛІМ-2023» БАЙҚАУЫНЫҢ БАС ЖҮЛДЕСІН ЖЕҢІП АЛДЫ

23 ноября, 2023
in Жаңалықтар
0
ОТЫРАРДА «ҮЗДІК МҰҒАЛІМ-2023» БАЙҚАУЫНЫҢ БАС ЖҮЛДЕСІН ЖЕҢІП АЛДЫ
Share on FacebookShare on Twitter

Жыл сайын дәстүрлі «Үздік мұғалім -2023» байқауы өткізіліп келеді. Байқаудың негізгі мақсаты шығармашылықпен жұмыс істейтін педагогтардың біліктілігін айқындау,олардың ғылыми-әдістемелік қызметін ынталандыру. Білімді, білікті және белсенді ұстаздарға қолдау көрсету, мұғалімдердің педагогикалық жаңа идеялар мен инновациялық технологияларды ендірудегі мәлімет базасын кеңейту, озат тәжірибелерді насихаттау міндеті болып табылады.
Байқау ережесіне сәйкес, бақ сынаған ұстаздарымыз өз білімі мен біліктерін сарапқа салды. Нәтижесінде «Үздік мұғалім-2023» байқауының бас жүлдесіне М.Әуезов атындағы жалпы білім беретін мектебінің география пәнінің мұғалімі Жанбатырова Аийда ие болды. Аудандық кәсіподақ төрағасы Е.Қасым барлық марапат иелеріне бағалы сыйлықтар тапсырды.
Ұстаз… Ұстаздық – киелі әpi өте қарапайым мамандық. Жер жаһанда адамзат баласы пайда болғаннан бepi әрбір пендені ойландырып, толғандырып келе жатқан қоғам құрылып жатса да, қажеттігін жоймайтын бip мәселе ол – баланы өмip сүруге дайындау. Бұл – қиынның қиыны! Ертеңгі мемлекеттің болмысы – бүгінгі ұстаздың тәлімінде.
Сондықтан да шәкірттерге берері мен үйретері көп ұстаздарға еңбекқорлық пен табандылық тілей отырып, болашақтарыңыз — берік, келешектеріңіз — кемел болсын дегіміз келеді.
Келес ауданы N8 Т.Бегманова атындағы жалпы білім беретін мектебінің педагог-ұйымдастырушысы Арман Айдаралиев жастар көп тыңдайтын танымал отандық және шетелдік әндерді 8D форматында өңдеп арнайы YouTube каналын жүргізуде.
Жас ізденімпаз ұстаздың @aidara1iev YouTube каналында қазірдің өзінде 100 000 нан аса қаралым жинаған.
— Уақыт өткен сайын заман талабы да өзгеріп заманауи әуендерге деген жастардың сұранысы артқан. Сондықтан мен арнайы канал аштым. Оқушылар да мұндай әуендерді қызыға тыңдайды. Оларға да қалай өңдеулі үйретемін. Жалпы мен үшін бұл бос уақытымда тиімді пайдалану дер едім. Сондай-ақ мен мектепте педагог ұйымдастырушымын. Сондықтан мектепте түрлі ісшараларды ерекше әуенмен өткізуді мақсат етіп осы бағытта жұмыс жасауды бастадым,-дейді Арман Айдаралиев.
Айта кету керек, жас маман мектепте биология пәнінен де сабақ береді. Цифрлық технологияларды жетік меңгерген осындай жастар кемел келешегіміздің кепілі. Еңбекқор ұстаздың каналына тіркеліп, заманауи әуендерді жаңа форматта тыңдауға болады.

Previous Post

ТҮЛКІБАС: ОҚУ ІСІ ЖҰМЫСТАРЫ ЖӨНІНДЕГІ ЖӘНЕ БЕЙІНДІК ІСІ ЖӨНІНДЕГІ ОРЫНБАСАРЛАРЫНА ӘДІСТЕМЕЛІК КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ

Next Post

«ТҮРКІСТАН ТАЛАНТТАРЫ» ӘДЕБИ ЖОБАСЫ СОЗАҚ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСТЫ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі