13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

БАСҚАРМА БАСШЫСЫНЫҢ АУДАНДАРҒА ІС-САПАРЫ СОЗАҚТА ЖАЛҒАСТЫ

22 ноября, 2023
in Жаңалықтар
0
БАСҚАРМА БАСШЫСЫНЫҢ АУДАНДАРҒА ІС-САПАРЫ СОЗАҚТА ЖАЛҒАСТЫ
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысы білім басқармасының басшысы Созақ ауданына жұмыс сапарымен барды. Алдымен Әлия Молдағұлова атындағы жалпы білім беретін мектебіне келіп, қауіпсіздік жүйесін пысықтады. Дабыл батырмасымен қамтамасыз етілген білім ордасының қоршауы қалыпты жағдайда екенін қарады. Арнайы күзет қызметі іске қосылған. Алайда бейнекамералар саны жеткіліксіз. Басқарма басшысы мектеп басшысына камералардың санын арттырып, бақылауды күшейтуді тапсырды. Қазіргі таңда турникеттерді орнату үшін тиісті жұмыстар жүргізілуде.
Созақ ауданының білім бөліміне қарасты «Т.Әлімқұлов атындағы мектеп интернат-лицейін» көруге келген Ғалымжан Сұлтанбекұлы жылыту маусымына дайындық жұмыстарын тексерді. Қатты отын қоры 900 тоннаны құрайды. Көмірді сақтау нормасы дұрыс реттелген. Жылыту қазандығын қадағалап, жүйелі қосу жағын қарап шықты. Мыңға жуық бала білім алатын мектеп 4 жыл бұрын күрделі жөндеу жұмыстарынан өткен. Спорт зал, асхана жағдайы бірқалыпты.
Басқарма басшысы аудандағы сапар барысында тек мектептердің жағдайын емес, балабақшаларды аралауды жалғастырды. Созақтағы «Жұлдыз бөбекжай-бақшасы» толықтай қарап, жұмысына шолу жасады. 2006 жылы пайдалануға берілген ғимарат күрделі жөндеуден өтуді талап етеді. Ғалымжан Сұлтанбекұлы аудандық білім бөлім басшына “Білім ордаларды күтіп ұстау жағын қатаң бақылауға алу керек. Себебі бұл ғимараттан да ерте берілген кей мекемелер тап-таза, жарамды етіп ұстап отыр” , — деп тапсырды. Бастысы балалар ыңғайлы, оқуға жайлы, қауіпсіз ортада білім алу керектігін алға тартты.
Келесі «Балауса бөбекжай-бақшасына” ат басын бұрып, балалардың қандай мекемеде тәрбиеленіп отырғанын көріп қайтты. 2012 жылы қолданысқа берілген балабақшада 140 бала бар. Қауіпсіздік жағы жүйеленген. Ғимаратта 22 бейнебақылау камерасы жұмыс істеп тұр. Спорт зал жағдайына келсек, музыка залымен біріктірілген, оңтайлы ыңғайластырған. Алайда әжетханасының жағдайы көңіл көншітпейді. Ғалымжан Сұлтанбекұлы жауапты мамандарға басқармаға өтінім бергіздіріп, тиісті жұмыстар жүргізуді тапсырды.
Басқарма басшысы аудандарға барып, қауіпсіздік пен жылыту маусымына дайындық жұмыстарын жалғастырады. Басты мақсат- мәселені көзбе-көз көріп, олқылықтардың орнын толтыру. Бұл бастама арқылы аудандағы жұмыстармен танысып, бірқатар білім ордаларының жағдайы жақсарады.

Previous Post

«NEXTGENLEADERS» – ЖАСТАР МЕН МҮМКІНДІКТЕРДІ БАЙЛАНЫСТЫРУ ЖОБАСЫ ӨТТІ

Next Post

ТҮЛКІБАС : "АДАЛ ҰРПАҚ" ЕРІКТІ МЕКТЕП КЛУБТАРЫНЫҢ АЙМАҚТЫҚ СЛЕТІ ӨТТІ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі