13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

«NEXTGENLEADERS» – ЖАСТАР МЕН МҮМКІНДІКТЕРДІ БАЙЛАНЫСТЫРУ ЖОБАСЫ ӨТТІ

22 ноября, 2023
in Жаңалықтар
0
«NEXTGENLEADERS» – ЖАСТАР МЕН МҮМКІНДІКТЕРДІ БАЙЛАНЫСТЫРУ ЖОБАСЫ ӨТТІ
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгін оқу ордамызда Коммерцияландыру офисінің ұйымдастыруымен «NextGenLeaders» жастар мен мүмкіндіктерді байланыстыру іс-шарасы өтті.
Іс-шараның негізгі үш мақсаты – желіні құру және өзара іс-қимыл: студенттер, мұғалімдер, профессорлар, кәсіпкерлер және бизнес саласындағы сарапшылар арасындағы өзара іс-қимылды нығайту және желілерді қалыптастыруды ынталандыру.
Стартаптар мен идеяларды қолдау: студенттерге өздерінің стартаптары мен жобаларын ұсынуға, кәсіби қоғамдастықтан кері байланыс алуға және өз идеяларына қолдау табуға мүмкіндік беретін платформа ұсыну.
Білім мен тәжірибе алмасу: шабыттандыру, оқыту және күшті бизнес қауымдастығын құру үшін әртүрлі ұрпақтар мен бизнес салаларының қатысушылары арасында тәжірибе мен білім алмасуды қамтамасыз ету.
Жиын студенттер мен кәсіпкерлердің әртүрлі стартаптары, жобалары мен идеяларының көрмесінен бастау алды.
Алғашқы сөз тізгінін Бизнес-инкубатор YASSAWI, стартап жобаларды қолдау секторының үйлестірушісі Жанар Бижанова алды. Ол студенттердің инновациялық идеялары мен жобаларын қолдау, көмек беру бағытында жұмыс істейтін
Бизнес-инкубатор YASSAWI туралы кеңінен ақпарат берді. Болашақта өз кәсібімен айналысуды ниет еткен студент жастарға берілетін мүмкіндіктер жайлы баяндады.
Келесі кезекте, студенттер мен кәсіпкерлерді біріктіретін, зияткерлік өзара іс-қимылды ынталандыру мен бизнестің негізгі аспектілеріне назар аудару мақсатында «Business Blitz» викторинасы мен «Way to development» хакатоны өтті.
Ойынға қатысушы студенттерге «NextGenLeaders» жобасына демеуші болған: «Prime cinema», WOW PLOV ұлттық тағамдар кафесі, 21 керамис қыш құмыра жасау үйірмесі, т.б мекемелердің сертификаттары мен жеңілдік купондары сыйға берілді.

Previous Post

ТҮРКІСТАН: Созақта 900 орындық мектептің құрылысы жүріп жатыр

Next Post

БАСҚАРМА БАСШЫСЫНЫҢ АУДАНДАРҒА ІС-САПАРЫ СОЗАҚТА ЖАЛҒАСТЫ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі