13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮЛКІБАС : «АДАЛ ҰРПАҚ» ЕРІКТІ МЕКТЕП КЛУБТАРЫНЫҢ АЙМАҚТЫҚ СЛЕТІ ӨТТІ

22 ноября, 2023
in Жаңалықтар
0
ТҮЛКІБАС : «АДАЛ ҰРПАҚ» ЕРІКТІ МЕКТЕП КЛУБТАРЫНЫҢ АЙМАҚТЫҚ СЛЕТІ ӨТТІ
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгін 2023 жылдың 22 қараша күні Түлкібас ауданының білім бөліміне қарасты білім беру ұйымдарында Рухани-адамгершілік және азаматтық-патриоттық тәрбиелеу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында 7-9 сынып оқушыларынан құралған «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубтарының аймақтық слеті өтті.
«Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубтарының аймақтық слеті А.Макаренко атындағы жалпы білім беретін мектеп базасында 17 мектептің оқушылары арасында өткізілді. «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубының іс-шарасына өзім де барып қатысып, оқушыларға сәттілік тіледім.
«Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубының негізгі мақсаттары мен міндеттері: — жемқорлыққа төзбеушілікті нығайту бойынша ынталыларды мадақтау, жемқорлыққа қарсы сипатты шаралар ұйымдастыруға қатысу болып саналады.
Аймақтық слеттар 23 қараша күні «Жанкент» жалпы білім беретін мектеп базасында, ал 24 қараша күні А.Асқаров атындағы жалпы білім беретін мектеп жанындағы спорт кешенінде өткізілмек. Ал іс-шараның қорытынды финалы 2023 жылдың 27 қараша күні «Жанкент» ЖББМ базасында өткізіледі.
«Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубы 3 бағытта жұмыс жүргізеді: сыбайлас жемқорлыққа қарсы ақпарат және шығармашылық, сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім, мәдени-көпшілік іс-шаралар. «Адал ұрпақ» ерікті клубының отырысы айына бір рет өткізеді. Мектеп кітапханаларында ұйымдастырылған «Парасатты азамат» бұрыштарына еңбегімен еленген, ауданға, облысқа, республикаға танымал азаматтардың фотосуреттері мен деректері ілінген. Жоспарға сәйкес «Сыбайлас жемқорлыққа жол бермейік!», «Біз жемқорлыққа қарсымыз!», «Адал еңбек бәрін жеңбек», «Жемқорлық – жат әдет» және тағы да басқа тақырыптарда тәрбие сағаттары өткізілген. Сыбайлас жемқорлықтың салдары туралы бейнетаспалар көрсетіліп, пікір-алмасулар ұйымдастырылған. Барлық білім беру мекемелерінде «Мемлекеттік қызмет – елдің мүддесіне адал еңбек» тақырыбында мемлекеттік қызметкерлермен кездесулер болып, мемлекеттік қызметтің барысы туралы оқушыларға түсінік берілді. Өскелең ұрпақтың арасында мемлекеттік қызметті елдің мақсаттары мен даму басымдылығын іске асыру негізінде «Мемлекеттік қызмет – елдің мүддесіне адал еңбек» тақырыбында шығарма байқауы өткізілді.

Previous Post

БАСҚАРМА БАСШЫСЫНЫҢ АУДАНДАРҒА ІС-САПАРЫ СОЗАҚТА ЖАЛҒАСТЫ

Next Post

Қызылша (Корь) ауруы туралы не білесіз?

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі