13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ЕЛІМІЗДЕГІ КОЛЛЕДЖ СТУДЕНТТЕРІ КӘСІБИ ШЕБЕРЛІК ЧЕМПИОНАТЫНДА БАҚ СЫНАУДА

22 ноября, 2023
in Жаңалықтар
0
ЕЛІМІЗДЕГІ КОЛЛЕДЖ СТУДЕНТТЕРІ КӘСІБИ ШЕБЕРЛІК ЧЕМПИОНАТЫНДА БАҚ СЫНАУДА
Share on FacebookShare on Twitter

Еліміздің түкпір-түкпірінен келген 545 студент «WorldSkills Kazakhstan — 2023» республикалық чемпионатына қатысып жатыр. Бүгін елордада жарыстың салтанатты ашылу рәсімі өтті. Оған Оқу-ағарту министрінің бірінші орынбасары Наталья Жұмаділдаева қатысты.
«WorldSkills — техникалық және кәсіптік білім беру саласындағы ең ауқымды әлемдік қозғалыстардың бірі. Біздің студенттер әлемдік аренада жоғары көрсеткіштерге қол жеткізуде. Қыркүйек айында Қазақстан құрамасы Польшадағы жарыстарда екі медаль мен төрт «үздік медальон» жеңіп алып, үздік нәтиже көрсетті. Бұл Мемлекет басшысының қолдауының арқасында қол жеткізген елеулі прогресс. Колледждерде мемлекеттік білім беру тапсырысы 133 мың орынға дейін ұлғайтылды. Осы жылдың қыркүйек айынан бастап колледж студенттерінің стипендиясы 50% — ға, 2024 жылы 100% — ға дейін ұлғайтылды», — деп атап өтті Наталья Жұмаділдаева.
Чемпионаттың мақсаты — жұмысшы кәсіптерінің беделін арттыру, үздік тәжірибелер мен кәсіби стандарттарды енгізу, техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде сараптамалық қоғамдастықты дамыту.
Конкурс үш күн бойы өтеді. 23-25 қараша аралығында колледж студенттері 30 құзыреттілік бойынша өздерінің шеберліктерін сынайды.
Республикалық чемпионаттың қорытындысы бойынша жүлделі орындарға ие болған жеңімпаздар 2024 жылы 10-15 қыркүйек аралығында Францияның Лион қаласында өтетін WorldSkills халықаралық чемпионатына қатысуға мүмкіндік алады.
Түркістандық колледждерде FACE ID ақпараттық жүйесі енгізіліп жатыр. Ол студенттердің сабаққа қатысыуы мен білім алу сапасын бақылауға көмектеседі. Қазірге дейін жергілікті кәсіптік білім беру ұйымдарының 50 пайызға жуығы аталған бағдарламаға қосылып үлгерді.
Түркістан өңірінде 50 колледж бар. Онда 42 мыңнан аса студент білім алып жатыр. Оның ішінде 30 235-і мемлекеттік негізде тегін біліммен қамтылған. Облыстық білім басқармасының басшысы биыл бөлінген гранттың бәрі толық игерілгенін айтады.
Мемлекеттік гранттардың дұрыс игерілуіне байланысты басқарма тарапынан колледж студенттерінің сабаққа қатысуына арнайы мониторинг жүргізілуде. Мониторинг студенттердің сабаққа қатысуын өкінішке
орай барып көру тәсілімен жүргізілген. Осы ретте, мониторинг жұмысын автоматтандыру мақсатында басқармаға қарасты
25 мемлекеттік колледж өз қаржаты есебінен білім алушылардың сабаққа қатысуларын қашықтан қадағалау үшін FACE ID ақпараттық жүйесін орнатылды.

Previous Post

ОТЫРАР: ТАРИХ АЙЛЫҒЫ БАСТАЛДЫ

Next Post

ТҮРКІСТАН: Созақтықтар облыстық кітапханаға сый жасады

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі