13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ОТЫРАР: ТАРИХ АЙЛЫҒЫ БАСТАЛДЫ

22 ноября, 2023
in Жаңалықтар
0
ОТЫРАР: ТАРИХ АЙЛЫҒЫ БАСТАЛДЫ
Share on FacebookShare on Twitter

Отырар ауданы Ш.Уәлиханов атындағы жалпы білім беретін мектебінде тарих-география бірлестігінің айлық іс-шарасы басталды. Тарих-география, яғни «Ақиқат» бірлестігіндегі пән мамандары «Тарихты білу – ұлтты ұғыну» тақырыбында бұрыш жасап, тарих өткелдері мен географиялық картаны қабырғаға іліп, сәнді етіп безендірді. Әрі мектеп директорының қолға алған мектеп ішін безендіру ісіне атсалысып отыр. Айлық іс шараның ашылуы да әсерлі өтті. Мектеп мұғалімдері мен оқушылары арасында түрлі ойындар, биылғы мерейлі жылдарға, ұлылардың мерейтойларына қатысты, Тәуелсіздік шежіресі жайлы сұрақ-жауаптар айтылып, іс-шараның ашылуы есте қаларлықтай әсер берді. Алдағы айлық іс-шарада пән мұғалімдері 12 үлгілі ашық сабақ, сайыс сабақтарын өткізуді жоспарлап отыр.
Сонымен қатар, сабақтан тыс «Бабалар ізімен» квест ойынын, «Сұр мерген» ойынын, «Тамыры терең — қазақ елі» тақырыбында кеш өтетінін хабарлады.
Созақ ауданы, Иманов атындағы шағын жинақты жалпы білім беретін мектепте «Жаңа әлемдегі – жаңа тарих: оқытудың қазіргі заман технологиясы» тақырыбында семинар өтті.
Білім беруді дамыту бағытында мемлекеттік жалпыға міндетті стандартты, үлгілік оқу жоспарлары мен бағдарламаларын іске асыру, тарих пәні мұғалімдеріне кәсіби педагогикалық және әдістемелік қолдау көрсету мақсатында өткен семинарға аудандағы тарих пәнінің мұғалімдері қатысты.Іс-шараның мақсаты – тарих пәні мұғалімдеріне білім алушыларды тестілеуге, мәтіндермен жұмыстарға дайындаудың тиімді жолдары мен бағалау, тест түрлері, нәтижелерін талдау түрлерін ұсыну, тәжірибе алмасу.
Семинарда баяндама оқылды. Келген мұғалімдер жаңа интербелсенді əдіс тәсілдермен ұйымдастырылған сабақтарға қатысты. Тренинг өтті. Тəжірибе алмасты.
Бүгінгі семинарға қатысушылар жоғарғы деңгейде өткенін, жаңа әдіс — тәсілдердің дұрыс қолданылғанын, мұғалім шеберлігімен оқушыларды тез өзіне баурап, сабақ белсенді іс — әрекетпен өткенін айтты. Оқушылар да ешнәрседен қаймықпай, сабақта белсенділік танытып, өз білімдерін жоғарғы деңгейде көрсетті.
Семинар барысында педагогтерге тарих пәнінен білім алушыларды тестілеуге дайындаудың тиімді жолдары, тест түрлері мен тапсырмалардың ерекшеліктері, тест спецификациясы, оқулықтар, тест нұсқалары, дайындық жұмыстарының бағыттары бойынша әдістемелік ұсынымдар берілді.
Семинар барысында А.Сүлейменов атындағы жалпы білім беретін мектептің мұғалімі Бауыржан Аманов «Тарих сабақтарында АКТ арқылы деңгейлеп-саралап оқытудың тиімділігі» тақырыбында, Иманов атындағы шағын жинақты жалпы білім беретін мектептің мұғалімі Берік Тоқбаев «Қазақстан тарихы үйірмесінде әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолданудың тиімді жолдары» тақырыбында ашық сабақ өтсе, педагог-психолог Әйгерім Есмахатова психологиялық тренинг өткізді.
Семинарды әдістемелік кабинет әдіскерлері Әділет Амангелдиев пен Әсет Өтжанов қорытындылады.
Бұдан өзге, Түркістан облысы, Мақтаарал ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің әдістемелік кабинетінің жұмыс жоспарына сәйкес №36 жалпы орта мектебінде «Тарих пәнінен оқушылардың фунционалдық сауаттылығын арттыруда белсенді мұғалімнің рөлі» атты тарих пәні мұғалімдерінің қатысуымен аудандық семинар өтті.Семинар мақсаты – білім беру мазмұнын жаңарту шеңберінде білім беру үдерісінің құрылымы мен мазмұнына өзгертулер енгізілуіне байланысты жаhандану заманында жас ұрпақтың жаңаша ойлау қабілетін, белсенділігін арттыру, олардың білімге деген құштарлығын ояту және жаңа оқыту әдіс тәсілдерінің қажеттілігін түсіндіру болып табылады.

Previous Post

ТҮРКІСТАНДА «ӘЖЕЛЕР АЛҚАСЫНА» 10 ЖЫЛ ТОЛУЫНА ОРАЙ «АЯЛЫ ӘЖЕ» ФОРУМЫ ӨТТІ

Next Post

ЕЛІМІЗДЕГІ КОЛЛЕДЖ СТУДЕНТТЕРІ КӘСІБИ ШЕБЕРЛІК ЧЕМПИОНАТЫНДА БАҚ СЫНАУДА

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі