13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ҚАЗЫҒҰРТ: «ҮЗДІК КІТАПХАНАШЫ-2023» АУДАНДЫҚ БАЙҚАУЫ ӨТТІ

22 ноября, 2023
in Жаңалықтар
0
ҚАЗЫҒҰРТ: «ҮЗДІК КІТАПХАНАШЫ-2023» АУДАНДЫҚ БАЙҚАУЫ ӨТТІ
Share on FacebookShare on Twitter

Қазығұрт ауданының білім бөліміне қарасты О.Жандосов атындағы жалпы білім беретін мектеп базасында «Үздік кітапханашы -2023» аудандық байқауы өтті.
Байқау мақсаты — кітапханашылардың шығармашылық әлеуетін және кәсіби шеберлігін дамыту, кітапхананың беделін арттыру, шығармашылықпен жұмыс істейтін кітапханашыларды көтермелеу және ынталандыру.
Байқауға білім бөлімінің бас маманы Ә.Егізек, кітапханашы А.Наримова және білім беру ұйымдарының кітапханашылары мен қазылар алқасы қатысты.
Байқау 2 кезеңнен тұрады. 1 кезең — «Креативті кітапханашы» тақырыбымен мамандар өздерінің жаңашыл шығармашылығымен таныстырады.
2 тур — «Кітапхана – оқырман-ата-ана» сабақтастығы жұмысының жүргізілуі.
Байқау қорытындысы бойынша Ш.Қалдаяқов атындағы жббм кітапханашысы Р.Абдуллаева бас жүлдені иеленіп, «Үздік кітапханашы -2023» облыстық байқауына жолдама алды.
I орын — Қ.Өміралиев атындағы жббм кітапханашысы Х.Алимкулова;
II орын — Макаренко атындағы жббм кітапханашысы К.Махатова;
III орын — Т.Рысқұлов атындағы м/л кітапханашысы Л.Демеуова
Еске салсақ, Отырар аудандық білім бөліміне қарасты Жамбыл атындағы мектеп-лицей базасында «Оқуға құштар мектеп — оқуға құштар ұлт» республикалық жобасы аясында «Үздік кітапханашы -2023» тақырыбында облыстық Байқауға аудан көлеміндегі 30 мектептің кітапханашылары қатысты. Соның ішінде Шенгелді шағын жинақты жалпы білім беретін мектебінің кітапханашысы Ұлбосын Ахметова аталған байқауда жүлделі І орынмен марапатталып, облыстық байқауға жолдама алды. Басқа да үздік деп танылған кітапханашылар, арнайы білім бөлімінің алғыс хаттарымен марапатталды.
Айта кетсек, облыстық «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасының ұжымы екі бірдей жетістікке жетіп отыр. Алматы қаласындағы ҚР Ұлттық кітапханасында өтіп жатқан «Қазақстандық Кітапханалық Одақ» ұйымының отырысында облыстық кітапхана директоры Жанат Шардарбекова «Жыл кітапханашысы – 2022» атағымен марапаттады. Оны «Қазақстандық Кітапханалық Одақ төрайымы Бақытжамал Оспанова тапсырды. Бұл мәртебе еліміз бойынша 20 мыңға жуық кітапханашының арасынан жылына тек бір кітапханашыға беріледі.
– Жыл сайын Одақтың кезекті отырысы ұйымдастырылып, түрлі мәселелер талқыланады. Биылғы жиында ҚР Мәдениет туралы Заңының 24-ші бабы – кітапхана ісі бойынша өзгеріс енгізу туралы қарастырылып, кітапханашылар өз ұсыныстарын білдірді. Әрі қарай Заң жобасы Парламентке ұсынылатын болады. Аталмыш номинацияға лайықты деп таныған басшылыққа алғысым шексіз. Бұл арқылы үлкен жауапкершілік, сенім артылды. Бұл – Түркістан облысындағы 395 кітапхананың бірлесе атқарған еңбегінің нәтижесі, – деді Жанат Сәдібекқызы.

Previous Post

АРЫС: РУХАНИ ШАБЫТ СЫЙЛАҒАН ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ КЕШ

Next Post

Бәйдібек: «Математика-барлық ғылымдар падишасы» атты эссе байқауы өтті

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі