13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Бәйдібек: «Математика-барлық ғылымдар падишасы» атты эссе байқауы өтті

22 ноября, 2023
in Жаңалықтар
0
Бәйдібек: «Математика-барлық ғылымдар падишасы» атты эссе байқауы өтті
Share on FacebookShare on Twitter

Бәйдібек ауданының білім бөліміне қарасты «Жолғабас негізгі орта мектеп» КММ-нің математика пәні мұғалімі М.Амиртаева 22 қараша күні оқушылардың сыни ойын жетілдіру, ұстанымын дәлелді бекіту үшін жан-жақты білім алып, ақпараттық қарулану, тақырыпты ашуда метатанымдық білігін тиімді қолдану, шығармашылық қабілетін шыңдау, сөздік қорының байлығын дамыту мақсатында «Математика –қызықты да , сырлы әлем» тақырыбындағы математика пән апталығының жоспарына сәйкес 5-9- сынып оқушылары арасында «Математика-барлық ғылымдар падишасы» атты эссе байқауын ұйымдастырды. Эссе байқауына барлық сынып оқушылары белсене араласып, өздерінің ой-пікірлерін ортаға салды. Үздік деп танылған 5-9-сынып оқушыларының эсселері оқылып, талданды. Нәтижесінде 5-сынып оқушысы Игенбек Айзере, 6-сынып оқушысы Бимырза Гүлраушан, 7-сынып оқушысы Том Лэйла, 8-сынып оқушысы Дулатбек Дарын, 9-сынып оқушысы Кенжебек Құралай мектеп әкімшілігінің мақтау қағаздарымен марапатталды.
Бәйдібек ауданының білім бөліміне қарасты «Жолғабас негізгі орта мектеп» КММ-нің математика пәні мұғалімі М.Амиртаева 20 қараша күні оқушылардың ойлау қабілеті мен математикалық қабілеттерін арттыру, математика пәні бойынша білімдерін тереңдету мақсатында 5-9- сынып оқушылары арасында «Математика –қызықты да , сырлы әлем» тақырыбында математика пән апталығының ашылу салтанатын ұйымдастырды. Апталықтың алғашқы сөзі директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Ш.Альжановаға және тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ж.Токтиеваларға берілді. Олар өз сөздерінде оқушыларды апталыққа белсене араласып, өздерінің білімдерін шыңдауға, өз өнерлерін ортаға салуға шақырды. Математика пәні мұғалімі М.Амиртаева «Математика –қызықты да , сырлы әлем» тақырыбындағы апталықтың жоспарымен оқушыларды таныстырды. Апталықтың ашылу салтанатын 9-сынып оқушылары Оразалы Жанеля мен Оңғарбай Динара жүргізіп оқушыларға «Кім жылдам?» ойыны арқылы түрлі логикалық есептерді жасырды, және викториналық сұрақтар қойып оқушылардың қызығушылықтарын арттырды. Оқушылар белсене араласып , өздерінің білімдерін көрсетті.

Previous Post

ҚАЗЫҒҰРТ: "ҮЗДІК КІТАПХАНАШЫ-2023" АУДАНДЫҚ БАЙҚАУЫ ӨТТІ

Next Post

ТҮРКІСТАНДА «ӘЖЕЛЕР АЛҚАСЫНА» 10 ЖЫЛ ТОЛУЫНА ОРАЙ «АЯЛЫ ӘЖЕ» ФОРУМЫ ӨТТІ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі