Арыс қаласы И.Журба атындағы жалпы білім беретін мектеп базасында ақын-жазушы, журналист, сатирик, композитор, заңгер, мемлекет және қоғам қайраткері Әкім Ысқақтың «Көңіл қымбат» шығармашылық кездесу кеші өтті.
Кеш барысында Әкім Ысқақ оқушылар мен ұстаздар арасында өзінің «Күн ұлымын» және «Біздің Баппақ» атты кітаптарының тұсауын кесті.
Ақын-жазушының өлеңдері мен шығармаларын 10 сынып оқушылары Оразәлі Ерасыл, Рахим Динара, Асылбай Нұрдаулет, 11 сынып оқушылары Абылжан Еркебұлан, Әсіпбек Аягөз, Бақытбек Нұрболат және қазақ тілі әдебиет пән мұғалімдері Дауылбаева Гүлмарал, Мырзабекова Гүлназ, Дүйсенбаева Гүлзейнеп және Бостанова Шолпан мәнерлеп оқыды. Аширбекова Асия «Бір адам бар» , Абишова Фарида «Қуантқым келеді», Мұсабаева Майра «Әдемі ай» әндерін орындап шықты.
Кездесуде түрлі ғибратты ойлар айтып, тәрбиелік мәні терең, тарихи маңызы бар патриоттық тақырыптар қозғалды.
Арыс қаласының білім бөліміне қарасты Ж.Ташенов атындағы жалпы білім беретін мектеп директоры Санжар Махановтың басшылығымен және бейіндік оқыту жөніндегі орынбасары Гаухар Баймаханованың ұйымдастыруымен “Kitaplike” жобасы қазан айында іске қосылған болатын.
Оқушылардың телефонға тәуелділігін азайтып кітап оқуға шақыру мақсатында құрылған жобаға 80-ге жуық оқушы қатысты.
Қатысушылар жас ерекшелігі бойынша 3 топқа бөлінді. «Балбұлақ» тобы «Экософия немесе киелі табиғат» кітабын, «Ойзерек» тобы Сәуле Досжанның «Ауылдан шыққан миллионер», «Бала би» тобы Сайын Мұратбековтың «Жабайы алма» кітаптарын бір ай бойы оқып аяқтады.
Жуырда “Kitaplike” жобасының бірінші кезең қорытындысы болып өтті. Үздік оқырмандарды анықтау үшін Арыс қаласының құрметті азаматы, зейнеткер ұстаз Әбдісәттар Жүніс, көршілес ауылдық округтен келген мұғалімдер арнайы шақырылды. Оқушылар оқыған кітаптары бойынша тест тапсырып, эссе жазды және арнайы дайындалған сұрақтарға жауап берді.
Нәтижесін саралай келе, «Балбұлақ» тобынан Ибатбек Әлиахмет, «Ойзерек» тобынан Қилыбай Көркемай, «Бала би» тобынан Аманова Зере үздік деп танылды. Оқушыларды ынталандыру мақсатында 1,2,3- орындарға марапаттар беріліп,
Мақсат Тоқболаев бастаған ауыл жастарының демеушілігімен жеңімпаз оқушыларға ақшалай сыйлықтар табыс етілді. Мектеп ұжымы мен ата-аналар, ауыл жастарының бірлігінің арқасында құрылған бұл жоба сәуір айына дейін жалғасын таппақ.