Түркістандық колледждерде FACE ID ақпараттық жүйесі енгізіліп жатыр. Ол студенттердің сабаққа қатысыуы мен білім алу сапасын бақылауға көмектеседі. Қазірге дейін жергілікті кәсіптік білім беру ұйымдарының 50 пайызға жуығы аталған бағдарламаға қосылып үлгерді.
Түркістан өңірінде 50 колледж бар. Онда 42 мыңнан аса студент білім алып жатыр. Оның ішінде 30 235-і мемлекеттік негізде тегін біліммен қамтылған. Облыстық білім басқармасының басшысы биыл бөлінген гранттың бәрі толық игерілгенін айтады.
Мемлекеттік гранттардың дұрыс игерілуіне байланысты басқарма тарапынан колледж студенттерінің сабаққа қатысуына арнайы мониторинг жүргізілуде. Мониторинг студенттердің сабаққа қатысуын өкінішке
орай барып көру тәсілімен жүргізілген. Осы ретте, мониторинг жұмысын автоматтандыру мақсатында басқармаға қарасты
25 мемлекеттік колледж өз қаржаты есебінен білім алушылардың сабаққа қатысуларын қашықтан қадағалау үшін FACE ID ақпараттық жүйесін орнатылды.
Жаңа жүйеге колледждің барлық студенттері мен мұғалімдері, техникалық қызметкерлерінің электронды суреті мен аты-жөндері енгізілген. Құрылғының бейнекамерасына қараған кезде тіркелген адамдарды бірден танып, мекеменің кіре берісінде орнатылған турникеттер автоматты түрде ашылады. Тіркелмеген, сырттан келген бөтен адамдардың түрін танымай, арнайы қызыл белгі береді. Бұл ретте орта білім беруден кейінгі мекемелердің арнайы күзет қызметі келіп, ақпарат сұрайды. Бұл бастама студенттердің сабаққа уақтылы келуінде де қадағалап отырады. Ол арнайы базаға автоматты түрде енеді. Бұл жүйені әр колледжде оператор бақылап отырады.
Қазіргі таңда, 24 колледжде жұмысы толық аяқталған, ал 1 колледжде жұмысы толық қараша айында аяқталады. Нәтижесінде FACE ID ақпараттық жүйесі басқармамен
интеграцияланып толық автоматтандырылатын болады.Айта кетейік, облыстағы колледждерде 2 жарым мың педагог жұмыс атқарады. Оның 1 828 мемлекеттік, 685 жекеменшік мекеме қызметкері. Биыл 1 283 оқытушы біліктілік арттыру курстарынан өткізілген.