Мақтаарал ауданының білім бөліміне қарасты мектепке дейінгі ұйымдарда ағымдағы жылдың қараша айының 20-22 күндер аралығында «Өрлеу» БАҰО Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша кәсіби даму институтының ұйымдастыруымен «Мектепке дейінгі тәрбие және бастауыш оқыту» кафедрасының аға оқытушысы Хадиша Алиасқарқызымен «Әсел» б/б және «Нурбөбек» бөбекжай-бақшасының базасында мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың педагог қызметкерлеріне білім беру бағдарламаларын, әдістемелік материалды оқыту әдістерін іске асыруда, мектеп жасына дейінгі балаларды дамыту мен тәрбиелеуде, білім беру процесін ұйымдастыру мен басқаруда оны психологиялық қолдауда әдістемелік көмек көрсетілді.
Бұл іс — шара балабақшада жүргізілетін сан-салалы жұмыстар білім сапасының өсуіне және де тәрбиешілердің шыңдалуына ықпалын тигізді.
Педагогтарды жаңа заман талабына сай жолдармен оқытуға бағытталған әдістемелік көмектері, олардың білімдерінің жоғарлауына, балалармен жұмыс жүргізу барысында жаңа тәсілдер таңдауға, зерттеу және шығармашылақ потенциалдарын анықтауға мүмкіндік туғызды.
Ең маңыздысы өздігімен кәсіби деңгейлерін жоғарылатып, мамандықтарына деген қызығушылықтарын арттыруға ықпал етті.
Әдістемелік көмек өз дәрежесінде өтіп, мектепке дейінгі ұйым педагогтері өзара пікір алмасып, кері байланыс орнатылды.
Мектепке дейінгі ұйым педагогтеріне әдістемелік көмек көрсету жалғасуда. Педагогтердің кәсіби құзыреттілігін дамытуға кешенді түрде ықпал ететін курстан кейінгі сүйемелдеу болып табылады. 2023 жылдың қараша айының 13-15 аралығында «Өрлеу»БАҰО Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша кәсіби даму институтының ұйымдастыруымен тренерлер Қалиева Хадиша Алиасқарқызымен Адилаева Алма курстан кейінгі шараларды ұсынды. Түркістан облысына қарасты Ордабасы ауданы «Аққу» және «Диамур»бөбекжай балабақшаларының базасында мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың педагог қызметкерлеріне білім беру бағдарламаларын, әдістемелік материалды оқыту әдістерін іске асыруда, мектеп жасына дейінгі балаларды дамыту мен тәрбиелеуде, білім беру процесін ұйымдастыру мен басқаруда оны психологиялық қолдауда әдістемелік көмек көрсетілді. Бұл іс шара балабақшада жүргізілетін сан – салалы жұмыстар білім сапасының өсуіне және де тәрбиешілердің шыңдалуына ықпалын тигізді. Педагогтарды жаңа заман талабына сай жолдармен оқытуға бағытталған әдістемелік қолдаумен көмектері, олардың білімдерінің жоғарылауына, балалармен жұмыс жүргізу барысында жаңа тәсілдер таңдауға, зерттеу және шығармашылақ потенциалдарын анықтауға мүмкіндік туғызды, ал ең маңыздысы өздігімен кәсіби деңгейлерін жоғарылатып, мамандықтарына деген қызығушылықтарын арттыруға ықпал етті.