Кентау қалалық білім бөлімінің жылдық жоспарына сәйкес 2023 жылдың 21 қараша күні М.Қашғари атындағы мектеп-лицейінде «Тірек мектеп» жылдық жоспары бойынша орыс тілі мен әдебиеті пәні әдіскері Г.Кеншембаеваның ұйымдастыруымен «Олимпиады и конкурсы , как средство подготовки будущих специалистов е профессиональной деятельности » тақырыбында өзара оқыту-тәжірибе алмасу семинары болып өтті. Семинарға Кентау қалалық білім беру бөліміне қарасты мектептердің жас ұстаздары мен орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері қатысты.
Семинардың мақсаты: Өзара тәжірибе алмасу арқылы мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін арттыру , дарынды оқушылармен жұмыс істеудің тиімді әдіс — тәсілдерін үйрену .
Семинарды қалалық білім бөлімінің әдіскері Г.Кеншембаева бастады және «Эффективные методы написания эссе на уроках русского языка и литературы» тақырыбында құнды баяндамасымен бөлісті.
М.Қашғари атындағы мектеп — лицейінің оқу ісі жөніндегі орынбасары Д .Азизова мектепте дарынды оқушылармен атқарылатын жұмыстарды ұйымдастырудың тиімді әдістері бойынша тренинг өтіп, өз іс тәжірибелерімен бөлісті.
Орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері Б.Хайруллаева, У.Рашидова, С.Рахманкулова өздерінің жұмыс барысында жүргізіліп жатқан іс-тәжірибелерімен: оқушыларды эссе жазу, дарынды оқушылар үшін тапсырмалар дайындау және мектептің инновациялық жұмыстарымен танысты. Ұйымдастырылған іс — шара жоғары деңгейде өтті.
Сонымен қатар, облыстық «Білім беруді дамыту орталығының» орыс тілі және әдебиеті пәні әдіскері Gulnara Bopieva ұйымдастыруымен 10-қараша күні Ордабасы ауданының Амангелді атындағы ЖББМ базасында «Орыс тілі және әдебиеті сабақтарында оқу мақсаттарын жүзеге асыру» тақырыбында облыстық тәжірибелік семинар өтті. Семинарға аудандық білім бөлімдерінің әдіскерлері мен облыстың орыс тілі және әдебиеті пәні мұғалімдері қатысты.
Ордабасы ауданының орыс тілі және әдебиеті пәні мұғалімдері мен аудандық білім бөлімі әдіскерінің ұйымдастыруымен — «Жас мұғалімнің кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру», «Авторлық бағдарлама»,
«Оқушылардың ғылыми-ізденіс жұмыстары»,
«ҚМЖ құрастыру», «Орыс тілі және әдебиеті сабақтарында оқу мақсаттарын жүзеге асыру» сияқты аз уақыттың ішінде бес жобаны жүзеге асырған болатын.
Облыстық семинарда ауданның алдыңғы қатарлы мұғалімдері шебер-сыныптар өтіп, облыс педагогтерімен сабақта оқу мақсаттарына қол жеткізудің тиімді әдіс-тәсілдерімен бөлісті. Семинарға қатысушылар мектепте ұйымдастырылған әдістемелік көрмеде жобалық қызметтің нәтижелеріне көз жеткізді.