2023-2024 оқу жылының I-тоқсан үзіліс аралығында Жапония елінің білім саласымен танысып, тәжірібие алмасу мақсатында Түркістан облысы «Білім беруді дамыту орталығының» басшысы Б. Төлембет бастаған делегация барған болатын. Аталған делегаттар құрамына Кентау қаласы білім бөлімінің әдістемелік кабинет меңгерушісі Мақұлбекова Айгүл Амангелдіқызы еніп, дамыған елдің тәжірбиесімен танысып, шығармашылық шабытпен, әсер көңіл күймен, табысты оралды. Жапония еліне сапарындағы көрген-білген, үйренген, түйген тәжірбиесімен бөлісу мақсатында
2023 жылдың 22 қараша күні бөлім әдіскерлеріне, директор орынбасарларына, педагогтерге арнайы семинар өткізді.
«Жапонияның білім тәжірибесі: Мұғалімнің сабақты зерттеуі» тақырыбында өткен семинарда төмендегі тәжірбиелерімен таныстырды:
Қазіргі жапон білім беру жүйесінің қалыптасу тарихымен; ✅Уаседа университетінің профессоры Юмико Ононың жапон мектептеріндегі оқыту әдістемесімен;
Иокоһамада орналасқан мектеп базасында жұмыс жүргізу тәртібі;
«Lesson study» әдістемесі бойынша 3 және 6-сыныптардағы кіріктірілген оқытудағы зерттеу сабақтарымен;
жапон білім мазмұны мен білім беру әдістемесі, әкімшілік басқару, педагогикалық ұжымдық мәдениет, педагогтың кәсіби даму құлшынысы, оқушылардың патриоттық санасын қалыптастыру, тіпті шаруашылық басқару жүйесі;
Жоғардғы мәселелерді семинарға қатысушыларға арнайы дайындалған слайд материалымен түсіндіре отырып бөлісті. Қатысушылар тарапынан кері байланыс жасалып, сұрақтар қойылып жауап берілді.
Жапония елінің білім жүйесінің Қазақстанға яғни біздің білім жүйемізге қабысатын тұстарын қабылдап, тәжірбиеден өткізуге ұсыныс айтылды.Жапон мемлекетінің білім беру саласындағы Саяси Зерттеулер Ұлттық Институтының қолдауымен «Мұғалім тәжірибесіндегі сабақты зерттеу (Lesson Study)» шетелдік семинары өз жұмысын аяқталды.
Іс-сапардың екінші кезеңінде Түркістан облысының педагогтері сабақты зерттеу National Institute for Educational Policy Research (білім беру саласындағы Саяси Зерттеулер Ұлттық Институты) білім беру саласының ғылыми қызметкері, профессор Тошия Чичибудың Lesson Study әдісінің мақсатын, артықшылығын, оны оқу үдерісінде пайдаланудың тиімділігін, сондай-ақ аталған тәсілді кезең-кезеңмен іске асыру бойынша дәріс алды.
Yokohama қаласының Tobe бастауыш мектебінің зерттеу сабақтарына қатысты. Жапония мұғалімдерінің сабақ өткізуі мен ізденісі, олардың өз мамандығына деген адалдығы, еңбекқорлығы, елдік санада тәрбие беруі кәсіби қалыптасқан. Аталған семинар барысында делегаттар көптеген мәлімет алды.
Бір аптаға жалғасқан семинар cоңында делегаттарға National Institute for Educational Policy Research (білім беру саласындағы Саяси Зерттеулер Ұлттық Институты) білім беру саласының халықаралық сертификаты табысталды.
Облыс әкімінің тікелей қолдауымен орындалып жатқан білім саласындағы халықаралық іс-сапар жоғары деңгейде өтті.