Жетісай ауданы білім бөлімінің 2023 жыл 6 қарашадағы №242-н/қ бұйрығы негізінде бүгін мектепалды сынып педагогтері арасында Д.Қонаев атындағы ІТ-мектеп-лицейінің базасында педагогтердің кәсіби өсуі мен өзін-өзі шығармашылық жағынан жетілдіруін ынталандыру мақсатында «Педагогикалық идеялар фестивалі» облыстық байқауының аудандық кезеңі өткізілді. Байқаудың мақсаты біріңғай ақпараттық-білім кеңістігінде заманауи педагогикалық тәжірибені жинақтау және насихаттау, педагогтердің ақпараттық-коммуникациялық және технологиялық құзыреттіліктерін арттыру. Тәрбиешілер кәсіби шеберлігін көтеру, инновациялық білім беру технологияларын енгізу арқылы озық педагогикалық тәжірибелерін ұсыну мақсатында тәжірибе алмасу жолында жаңашыл педагогтердің мазмұндық-құрылымдық үлгісін әзірлеп көрсете білді.
Байқауға қатысушы тәрбиешілер мектепке дейінгі ұйымда іс-әрекетті ұйымдастырудағы заманауи білім беру технологиялары тақырыбында тәжірибелерімен бөлісе білді.
Байқау қорытындысы бойынша: І орын №60 «Қызылқұм» ЖББМ мектепалды сынып тәрбиеші А.Досалы, ІІ орын Б.Момышұлы атындағы №6 МГ мектепалды сынып тәрбиешісі Г.Зоржанова мен Аманкелді атындағы №19 ЖББМ мектепалды сынып тәрбиешісі А.Беласарова, ІІІ орын Д.Қонаев атындағы №9 ІТ мектеп-лицейінің мектепалды сынып тәрбиешісі А.Абаева, № 68 «Жібек жолы» ЖББМ мектепалды сынып тәрбиешісі Г.Джумашова мен М.Маңғытаев атындағы №43 ЖББМ мектепалды сынып тәрбиешісі А.Ахметоваға берілсе, М.Шоқай атындағы №26 ЖББМ мектепалды сынып тәрбиешісі Б.Базаркулова, №39 «Асықата» атындағы ЖББМ М.Ахметова мен Н.Исмайлов атындағы №45 ЖББМ мектепалды сынып тәрбиешілері номинациямен марапатталды. Байқауға қатысқан барлық мектепалды сынып тәрбиешілеріне педагог мамандығының имиджін дұрыс қалыптастыруда шығармашылық табыс тілейміз. Алдағы уақытта «Педагогикалық идеялар фестивалі» байқауының облыстық кезеңіне қатысатын №60 «Қызылқұм» ЖББМ мектепалды сынып тәрбиеші Досалы Ақбаянға сәттілік тілейміз!