«Біртұтас тәрбие бағдарламасы» аясында №39 «Асықата» жалпы білім беретін мектебінде жаңа форматтағы ата-аналарға арналған үлкен іс-шара өткізілді.
Соның ішіндегі «Аналар мектебі» жиналысын директордың бастауыш сыныптар бойынша оқу ісі жөніндегі орынбасары Арапбаева Роза Сайлауовна жүргізді. Тәрбие мен оқыту өзара тығыз байланысты, бір-бірінен бөліп алуға болмайтын біртұтас процесс екенін айтып өтті. Бұл бағдарламаның мақсаты: Жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген еңбекқор, адал, саналы, жасампаз азаматты тәрбиелеу екеніне тоқталды.
Жиналысқа 3-4 сынып аналары қатысты.
3″А» сынып жетекшісі Амирханова Гүлнар;
3″Ә»сынып жетекшісі Адильбаева Алмагул;
3″Б» сынып жетекшісі Кошкарова Гулнар;
3″В»сынып жетекшісі Нурасарова Жайнар:
3″Г»сынып жетекшісі Умарбекова Гулмира;
4″А» сынып жетекшісі Оразбаева Асем; 4″Ә» сынып жетекшісі Исаева Жансая; 4″Б» сынып жетекшісі Мелдебекова Айман; 4″В»сынып жетекшісі Абдахметова Жибек; 4″Г» сынып жетекшісі Джумабаева Бахытгул.
Еліміздің болашағы — білімді әрі жасампаз ұрпақ. Ал оны тәрбиелеу — бірінші ата-анаға, содан соң мұғалімге артылған басты міндет.
Осы мақсатта ұлттық тәрбие мен рухани құндылықтарға мән беретін «Аналар мектебі» болып саналады. Ата-аналар ұстаздармен бірлесе отырып отбасы ынтымақтастығын қалыптастырып, баланы жан-жақты дамытып, ұлттық құндылықтарымызды дәріптеуді көздеді. 3,4 сынып жетекшілері баланың білімі мен тәрбиесі туралы бейне роликтер, сауалнама, түрлі ойындар арқылы аналармен ұлттық құндылықтар негізінде өскелең ұрпақты тәрбиелеу сапасын арттыруға бағытталған іс-шаралар ұйымдастырды.
Өмір сыйлаған аналарымызға алғыс айта отырып,еліміздің болашағы балалар екенін, дұрыс жол нұсқайтын сіз бен біз екенін айтып іс- шараны қорытындылады.