13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Ата аналар жиналысы жаңа форматта өтті

22 ноября, 2023
in Жаңалықтар
0
Ата аналар жиналысы жаңа форматта өтті
Share on FacebookShare on Twitter

№39 «Асықата» жалпы білім беретін мектебінде 22.11.2023ж күні жаңа форматтағы ата-аналар жиналысы ұйымдастырылды. Мектебіміздің директордың инновация жөніндегі орынбасары Аптикеримова Жанар Мынбаевна Біртұтас тәрбие бағдарламасы іске асырылғандығын айтып,бұл дегеніміз, жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтар негізінде өскелең ұрпақты тәрбиелеу сапасын арттыруға бағытталғандығын айта кетті. «Біртұтас тәрбие бағдарламасының»
Мақсаты: Жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген еңбекқор, адал, саналы, жасампаз азаматты тәрбиелеу.
Міндеттері: Ата-ананың өсиетін тыңдауға,отбасы татулығы мен берекесін қадірлеуге, перзенттік парызын өтеуге тәрбиелеу екендігін айтты.
Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында ұйымдастырылған бүгінгі жиналысымыздың тақырыбы «Ұрпақты ұлттық тәрбиеге қалай баулимыз?» деп аталады. Жиналысқа 5 «А», 5 «Ә», 5 «Б»,
5 «В» сынып ата аналары қатысты.
5 «А» сынып жетекшісі Бегманова Асел,
5 «Ә» сынып жетекшісі Олдашева Мадина, 5 «Б» сынып жетекшісі Өтеміс Алима,
5«В» сынып жетекшісі Бекболат Малика ата-аналармен тренингтер ұйымдастырып, ата-аналарға тәрбие процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері мен тиімділігін арттырудың жолдары бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Директордың инновация жөніндегі орынбасары Аптикеримова Жанар Мынбаевна өз сөзінде жаңа оқу жылынан бастап 2023-2025 жылдарға арналған Өскелең ұрпақты тәрбиелеу отбасынан басталады. Отбасы жалпы адамзаттық құндылықтарды, баланың бойында қоршаған қоғам туралы тұрақты әсерді қалыптас-тырады. Сондықтан отбасы білім беру ұйымының әлеуметтік әріптесі екенін естен шығармайық, ата-аналар! Жиналыс соңында ерекше көзге түскен,өз ойын еркін айта білген әпкелеріміз Ахилова Зухра, Нұрымбетова Гүлшат,Абдраймова Зульфия, Айдарбекова Алмагул, Меңдібаева Баян, Анапияева Нағима,Максутова Акмарал, Тоирова Гулжан сынды ата-аналарымыз бен әпкелеріміз мадақтамамен марапатталды.

Previous Post

Бәйдібек: «Ата-аналарды педагогикалық қолдау» мақсатында іс шара өтуде

Next Post

«Буллинг және кибербуллинг дегеніміз не?» тақырыбында түсіндірме жұмысы өткізілді

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі