13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Бәйдібек: «Ата-аналарды педагогикалық қолдау» мақсатында іс шара өтуде

22 ноября, 2023
in Жаңалықтар
0
Бәйдібек: «Ата-аналарды педагогикалық қолдау» мақсатында іс шара өтуде
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысы, Бәйдібек ауданының білім бөлімінің «Жолғабас негізгі орта мектеп»КММ-де «Ата-аналарды педагогикалық қолдау» мақсатында атқарылатын іс-шаралар жоспарына сәйкес 9-сынып жетекшісі М.Амиртаева мектеп психологы Н.Жұмансеитовамен бірлесіп «Көркем мінез – баға жетпес байлық» тақырыбында 8-9 сынып ата-аналарының қатысуымен психологиялық тренинг өткізді.
Тренингтің мақсаты: ата-аналардың эмоционалды құзыреттілігін, өзіндік сана-сезім, өзін-өзі реттеу, эмпатия және қарым-қатынасты реттеу дағдыларын дамыту.
Міндеттері:
• Эмоционалды интеллектіні дамыту бойынша қызығушылықты қалыптастыру
• Эмоционалды интеллектінің құрылымдық компоненттері туралы түсінік беру (өзіндік сана-сезім, эмпатия, өзін-өзіреттеу, қарым-қатынасты реттеу)
• Өз эмоцияларын және басқа адамдардың эмоцияларын түсіну қабілетін дамыту
• Өз эмоционалдық жай-күйлерді реттеу, олардың сыртқы көріністерін бақылау, позитивті қарым-қатынас дағдыларын дамыту
Ұлттық құндылықтар мен жеке қасиеттер: Ашықтық, өмірге оң көзқарас.
Тренинг барысында ата-аналарға жоғары эмоционалды интеллект туралы, әртүрлі халықтарда эмоциялардың көрініс табуының ұлттық ерекшеліктері туралы мағлұматтар берілді. Ата-аналар «Қорқыныш», «Ашу», «Қуаныш», «Қайғы» атты эмоциялар атаулары бойынша топтарға бірігіп жұмыс жасады. Бұл жаттығулар сөздік қорын белсендіруге, эмоцияларды вербализациялау бейсаналық процестерді сана деңгейіне көтеруге мүмкіндік береді.
Түрлі жағдаяттар беріліп, сол жағдаяттарға байланысты ата-аналардың ой –пікірі тыңдалды. Өзіндік сана-сезім, әлеуметтік сезімталдық, өзін-өзі басқару, қарым-қатынасты басқару деген сияқты эмоционалдық компоненттермен таныстырды. Әлеуметтік желіден арнайы қысқа метражды фильм көрсетіп, фильм бойынша «Сезімдер күнделігін» толтыруды ұсынды. Тренинг соңында ата-аналардан «Сезім бұлты» әдісімен кері байланыс алынды.
Нәтижесінде: сабақ аяқталғаннан кейін ата-ана: Эмоционалды сауаттылыққа ие болды.
Эмоционалды интеллект құралдарын қолдануды үйренді. «Мен-мәлімдемелерін» қолдана отырып, оң қарым-қатынас орната алды. Дағдарыс жағдайында өнімді мінез-құлық алгоритмдері мен тәсілдерін қолдана алды.

Previous Post

МАҚТААРАЛ МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМ ПЕДАГОГТЕРІНЕ ӘДІСТЕМЕЛІК КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ

Next Post

Ата аналар жиналысы жаңа форматта өтті

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі